Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Норвегиялық дәрігер екпеден соң көз жұмды

AstanaTV
16.03.2021ж. 20:00
2028
Норвегиялық дәрігер екпеден соң көз жұмды

Коронавирусқа қарсы салынып жатқан, вацина дауы әлі өршіп тұр. Бұл жолы норвегиялық дәрігердің, екпе салғызғаннан кейін, көз жұмуы отқа май құйғандай болды. Мамандар марқұмның ұйыған қан жарылып кеткенін айтады. Ал 13 наурызда тағы үш адамның қаны қоюланып, ауруханаға түсіпті. Осыдан кейін Еуропалық одақ елдері британдық-шведтік препаратты қолданауды бірден тоқтатты. Оларға Индонезия, Конго, Таиланд пен Оңтүстік Африка қосылды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, бұл қадаммен келіспей отыр. Олар вакцинаның пайдалы екендігін айтуды жалығар емес.

Каролина ДАРИАС,  ИСПАНИЯНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Фармакологиялық қадағалау комитеті тромбоз туралы ақпаратты талдап, өз ұйғарымын шығаруы тиіс. Осыған дейін АстраЗенеканы егуді уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдағанымды, өңірлік кеңеске жарияладым. Дегенмен мұндай оқыс жағдайлар аз, бірақ оны теріске де шығара алмаймыз. Сондықтан Испания вакцинадан бас тартты.


Бір қызығы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы, бұл қадаммен келіспейді. Олар «АстраЗенека» вакцинасын қолдануды жалғастыру керек деген пікірде. Ұйым өкілдерінің айтуынша, вакцинаның қаупінен гөрі, пайдасы басым. Олар екпе қанның ұюына әсер етеді деген уәжді теріске шығарып отыр.

Сумья СВАМИНАТАН, ДДСҰ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз, әрі халық арасында дүрбелең болғанын қаламаймыз. Қазір тромб пен екпенің арасында ешқандай байланысты байқамадық. Сондықтан «АстраЗенека» -ны егуді жалғастыруды ұсынамыз.


Бұл вакцинаны, Ұлыбритания мен Швеция ғалымдары бірлесіп жасаған болатын. Олар оның тиімділігі 70 пайыз екенін айтқан еді. Препаратты зерттеу кезеңінде де, вакцинаны ерікті тексерушілердің бірі қайтыс болды. Дегенмен дәрігерлер оның өліміне вакцинаның әсері жоқ, деген қорытындыға келді. Бірақ денсаулығы күрт нашарлап, көз жұмғандардың көбейгені туралы қауесет азаяр емес. Алғашқы оқиға алдымен Аустрияда, кейін Дания мен Словакияда тіркелді. Ал "Астразенека" компаниясы вакцина алған 17 миллион адамның, 37-сінде ғана тромбоз болғанын айтып, ақталуда.

Е. Карин