Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Балаларға алынған ноутбуктерді, СҚО шенеуніктер иеленген

AstanaTV
26.03.2021ж. 20:00
2195
Балаларға алынған ноутбуктерді, СҚО шенеуніктер иеленген

Аз қамтылған отбасының балаларына сатып алынған ноутбуктерді, Теріскейдің шенеуніктер өздері иеленген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, бүгін осы жайтпен бөлісті. Қазір аталған факт бойынша тергеу басталыпты. Құзырлылар мемлекетке келген шығын көлемі 12 миллион теңгеден асатынын айтты.

Данияр БЕКАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІСІ:


Олар пандемия кезінде аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп оқушылары үшін, Үкімет резервінен сатып алған ноутбуктердің бір бөлігін ұрлады деген күдікке ілінді. Істің мән-жайы тергеу мүддесіне сай толық жария етілмейді. Нақты шешім тергеу нәтижелерінен кейін қабылданатын болады.

Сондай-ақ, 30 қой аламын деп қызметінен қуылған мемлекеттік қызметкерлер де бар. Түркістан облысы сәулет бөлімінің басшысы, жер учаскесіне мемлекеттік акт алуға көмектесу ақысын, осылай бағалаған. Енді 30 қой үшін, 15 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттеліпті.

Данияр  БЕКАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІСІ:


Ол Шымкент қаласы Ташкент тас жолының бойында орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акт алуға көмектескен. Бұл қызметін 1 млн 200 мың теңгеге бағаланған, яғни  30 қойға және қосымша 11 мың теңге алды. Енді одан бірнеше есе көп айыппұл төлейді және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Ә. Өмірзақ