Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Базар аумағына жауаптылар пышақпен жүруі заңды ма?

AstanaTV
31.03.2021ж. 20:00
3796
Базар аумағына жауаптылар пышақпен жүруі заңды ма?

Күш атасын танымас. Алматыдағы «Алтын Орда» автотұрағыда болған қырғынғы қатысты, бүгін базар әкімшілігі түсінік берді. Олар автотұраққа жауапты жұмысшылар пышақ алып жүреді дегенді жоққа шығарды. Әрі автотұрақ өз бизнестері екенін айтты. Жаға жыртысып, жұдырық алу жүгіруге 100 теңге себеп болған. Кімдікі ждұрыс, кімдікі бұрыс? Тараптарды тыңдаған әріптесім тақырыпты тарқатады.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Даулы оқиға кеше таңғы сағат 9 дар шамасында мына «Алтын Орда» базарының маңында болған. Сауда орталығының тұрағына өтпек болған жүргізушіден күзетшілер алдымен 100 теңге төлеуін сұрапты. Қалтасында бүтін 20 мың теңгесі болған жігіт ақшасын айырбастап келуді өтінген.

Тіпті болмаса банк жүйесі арқылы аударма жасай алатынын да айтқан. Бірақ базар автотұраққа жауаптылар ұсынысқа келіспеген.

Николай ЖИГУНОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:


Қызымның туған күніне дайындалмақ болып, әйелім екеуміз азық-түлік алуға базарға барған болатынбыз. Сауда орталығына келгенде автотұраққа кіргізетіндер маған дөрекі сөйлеп, «ақша төлемесең, кірмейсің» деді. Мен оған жөнімді айттым. Көнбеді. Кейін артымыздан келіп көлікті ұрып қоқаң-лоққы көрсетіп, пышақ алып шықты. Сол жердегі адамдар да көлігімізді ұра бастады.

Осылайша жанжал соңы төбелеске ұласқан. Адам қарасы да көбейіп, олар көлікті қолына түскен затпен ұрып, автотұрақтан қуып шыққан. Қазір 28 жастағы жүргізуші бұл істе менің де кінәм бар деп отыр. Дегенмен базар қызметкері онда суық қарумен жүрмеуі керек еді дейді.

Николай ЖИГУНОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
 
Иә менде дөрекі сөйледім, менде кейбір жерлерде қатты кеттім. Бірақ қанша дегенмен де автотұрақтағы жігіттің бізге пышағын ала жүгіргені дұрыс болмады. Әрі олар жабылып көлігімді ұрып әйелім екеумізге тап бергені әрине орынсыз. Жұбайым қазір осы жағдайдан қанша стресс алды.

Анастасия ЖИГУНОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ӘЙЕЛІ:

Кешегі жағдайдан кейін әлі есеңгіреп жүрміз. Түні бойы ұйқымыз да тыныш болмады. Біздің талабымыз кінәлілерге әділ жаза берсін. Мен бір ғана базар жұмысшысын емес бізге жабыла кеткен барлық адамдардың жазалануын сұраймын.

28 жастағы жүргізуші көлігімнің бірнеше жеріне зақым келді деп отыр. Оны қалпына келтіруге шамамен 340 мың теңгені қажет дейді. Ал базар басшылығы болса бұл оқиғада ешкімді жақтамайтынын айтты. Әйтсе де қызметкерінің пышақпен жүрді дегенін жоққа шығарып әлек.  

Жұмаддин ПАТОВ, «АЛТЫН ОРДА» САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің сауда орталығында қызметкерлеріміз пышақ ұстап, пышақпен жүрмеген. Кешегі автотұрақтағы жұмысшыда да суық қару болмаған. Ол жігіт бізде 1 жылдан аса жұмыс жасайды. Бұған дейін мұндай жағдай болған емес. Бірінші рет болып тұр.

Автотұрақтың жұмысшысы қазір облыстық ауруханада жатыр. Ал Полиция бұл іс бойынша сотқа дейінге тергеуді бастаған.  

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Дерек сотқа дейінгі біріңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 293 бабы 2-ші бөлігінің 1-тармағы яғни «бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Әйтсе де базар басшылығы мұндай жағдай қайталанбас үшін жүргізушілер өзімен тиын-тебен алып жүргендері дұрыс дейді. Ал автотұрақты ақысыз жасау әзірге жоспарда жоқ екен. Модерницазия жұмыстары бітсе, электронды терминал қондырғыларын орнатамыз деп уәде берді.  Модерницация бітсе электронды жүйелерді қоямыз.

Ә. Лесбек