Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің шашынан сүйреген

AstanaTV
06.04.2021ж. 20:00
2574
Атырауда балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің шашынан сүйреген

Атырауда бүлдіршіннің шашынан сүйреген тәрбиешіге қатысты қызметтік тексеріс басталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода, тәрбиешінің кішкентай қыз баланы шашынан сүйрей жөнелгені анық көрінеді. Бүлдіршінің құлағанына да мән бермейді. Оқиға наурыздың 29-ы күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылындағы «Балдырған» балабақшасында орын алған. Тәрбиешінің жұмысына күмәнмен қараған ата -ана топтағы бейнебақылау камерасы жазылған таспаны қарауды өтінген. 21 жастағы келіншектің мекетпке дейінгі мекемеге тәрбиеші болып орналасқанына жылдан асыпты.

Гүлжансара ТАҢАТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секунтын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әлеуметтік желіде тараған бенежазбадағы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 140 бабы, яғни кәмілетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді  орындамауы бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Б. Надірқызы