Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ажыраспақ болған әйелін қорқытам деп басы бәлеге қалды

AstanaTV
07.04.2021ж. 20:00
2621
Ажыраспақ болған әйелін қорқытам деп басы бәлеге қалды

Біреуге ор қазба, өзің түсерсің! Оралдық азамат осының кебін киді. Ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, ол әйелімен ажырасқысы келмеген. Бұл қарсылығынан түк шықпаған соң, келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына таратамын деп қорқытқан. Бұған көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына  уатсапп желісі арқылы жіберіп үлгірген. Осылайша ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысыпты. Келіншек болса, бірден полицияға шағымданған. Сезімді сергелдеңге салған сері жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды енді сот шешпек.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК 311-бабы, 1-бөлігі, яғни порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Е. Карин