Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Биылғы білім гранттары қолданыстағы заңмен емес, жасақталып жатқан заң жобасы бойынша бөлінген - Депутат Ә. Бектұрғанов

AstanaTV
06.09.2017ж. 20:00
2426
Биылғы білім гранттары қолданыстағы заңмен емес, жасақталып жатқан заң жобасы бойынша бөлінген -  Депутат Ә. Бектұрғанов

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы алғашқы пленарлық отырысын өткізді. Кезекті сессияда да депутаттардың жұмысы ашық өтеді. Әрі заң жобалары қызу пікірталастармен талқыланбақ. Мұны мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин атты. Төменгі палата спикері  Елбасы тапсырмасын орындап, халық сенімін ақтау үшін әріптестерін қарқынды жұмыс істеуге шақырды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Осыдан екі күн бұрын президентіміз Н.Ә. Назарбаев парламенттің кезекті сессиясын ашып, алдағы жұмыс бағыттарын көрсетті және нақты тапсырмалар берді. Сонымен бірге осы сессияда биылғы жолдауда айтылған маңызды мәселелерді сапалы заңдармен қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халқымыз айтқандай, бүгіннен бастап баршамыз белсенді жұмысқа кірісуіміз қажет.

Депутаттық сауалдар қою кезінде Әбдіманап Бектұрғанов биылғы оқу жылында грант бөлу қолданыстағы заң бойынша емес, жасақталып жатқан заң бойынша бөлінгеніне шүйлікті. Ол өз сауалын жаңа вице-премьер Ерболат Досаевқа жолдап, сауалға заңмен белгіленген уақыт ішінде жауап беруін сұрады. 

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мемлекеттік білім гранты конкурсы бойынша грант иегерлері екі рет жарияланған. Бірінші тізіміде "Алтын белгі" басымдық ескерілсе, екіншісінде ол алынып тасталған. Шындығында, бұл әркім қалауынша емес, қолданыстағы заң бойынша әділ шешім табатын мәселе.