Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Ашық" мобильді қосымшасында ақау көп - Депутат

AstanaTV
28.04.2021ж. 20:00
1872
"Ашық" мобильді қосымшасында ақау көп - Депутат

Халық "Ашық" мобильді қосымшасына күмәнмен қарайды. Көпшілік жеке деректерінің сақтандырылмағанынан қауіптенеді. Аз ғана уақытта қосымша жұмысына қатысты 3 мыңнан астам адамнан шағым түскен.  Депутаттардың да мобилді қосымшаға айтар сыны бар.    Олар Цифрлық даму министрлігіне    "қосымша жұмысын жетілдіру қажет" деп сауал жолдады.  Ғалымжан Өмірзақтың бейнематериалы.

"Ашық"мобильді қосымшасымен жұмыс істеу бизнесті аяққа тұрғызуға көмектеспейді. Алматылық ресторатор Ариф Ипек осылай дейді. Кәсіпкер өз қызметкерлерінің жалақысын қысқартуға мәжбүр болып отыр. Себебі шектеулерге байланысты мекеме тек жартылай жұмыс істеп тұр. Жұмыс уақыты екі сағатқа ұзарса да, жағдайдың жақсаруы екіталай,-дейді ол.

Ариф ИПЕК, КӘСІПКЕР:

Біз үшін қиын, әрине. Шығындар өте көп. Клиенттер көп келсе, кіргізбей қоюға мәжбүрміз.  Қазіргі уақытта кем дегенде 70 немесе 80% толтыруға болар еді.


Қосымшаны қазір 300 мыңға жуық адам жүктеген. Бағдарламаға сенбейтіндер де бар.   

БЛИЦ:


- Я думаю, что так нельзя. Все наши данные показывать. Все абсолютно нужно будет показать. Я в баню иду, мне нужно это приложение скачать и все данные мои высвечиваются. Что я делаю, где была.

- Устали от карантина. Не дают нормально работать.
 
- Ол қандай қосымша? Білмейді екенмін.


Бүгін Мәжіліс депутаттары Цифрлық даму министрлігін сынға алды. Депутаттар азаматтардың жеке деректерін сақтау мәселесі пысықталмаған дейді. Тек ол емес, қосымшаның жұмыс процесі де бірізідендірілмегенін айтады.

Снежанна ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қосымшаны жүктеп алған пайдаланушылар қосымшаны тіркеу және кіру кезінде қиындықтарға тап болады. Қосымшаның өзінде пайдалы ақпарат жоқ, тек екі сілтеме бар: "кіруді тіркеу" және "шығуды тіркеу". Қосымша бойынша қол жеткізуге болатын объектілердің тізбесі жоқ.

Ал министрлік өкілдері депутаттардың сөзімен келіспейді.  Олардың пікірінше, қауіпсіздікті сақтауда бағдарламаның рөлі зор.

ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ:


Бұл жоба қауіпсіздік мақсатында керек, оны түсінуіміз қажет.  Ал жеке деректерге келсек, «Ашық» ешқандай деректерді сақтамайды, ақпаратты онлай түрде денсаулық сақтау министрлігінен қарап, тек ауырды немесе ауырмады деген ақпаратты алады. Демек толығымен қауіпсіз жоба.


Қонақ үйлер, банктер, мемлекеттік органдар, медициналық орталықтар  бағдарламаға қатысуға өтінім берген.   Шенеуніктер жүйеге ЖОО мен фуд-корттарды да қосуды жоспарлап отыр.

Ғ.Өтемісов