Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Әлем мұсылмандары Ораза айт мерекесін атап өтуде

AstanaTV
13.05.2021ж. 20:00
1685
Әлем мұсылмандары Ораза айт мерекесін атап өтуде

Әлем елдері де жағдайдың қиындығына қарамастан бүгін Ораза айт мейрамын тойлап жатыр.  Кейбір елде- соғыс, кейбірінде -қауіпті індет  өршіп тұр. Алайда бұл қасиетті мерекені тойлауға кедергі келтірген жоқ. Индонезияда Ораза айт дәстүр бойынша үш күнге созылады.  Былтыр мешітке барып, құлшылық етуге мүмкіндік болмады. Бірақ биыл санитарлық талаптарды сақтай отырып, имандылық үйіне баруға, бетпердемен дұға жасауға рұқсат берілді.

Харьяти НИНГСИХ, ИНДОНОЗИЯ ТҰРҒЫНЫ:

Біз биыл бірге дұға ете алатынымызға өте қуаныштымыз, өткен жылы біз мұны жасай алмадық. Әрине, біз денсаулық сақтаудың барлық ережелерін сақтауымыз керек.

Ал Үндістан мұсылмандарының жолы болмады. Ораза айт мерекесі тағы бір локдаунмен тұспа-тұс келді. Билік мұндай қадамға вирус жұқтырғандар санының шамадан тыс өсуіне байланысты барып отыр. Сондықтан азаматтар мерекені үйде қарсы алуға мәжбүр. Барлық мешіттер жабық. Базарлар бос.

Сагар КУМАР, ҮНДІСТАН ТҰРҒЫНЫ:

Үш-төрт күн бұрын билік локдаун болмайды деп айтты, сондықтан мен сатылатын кейбір тауарларды әкелдім, бірақ қазір олар қатаң карантинге алынды. Барлығымыз алаңдап отырмыз.

Елдегі шиеленіскен жағдайға қарамастан, Ораза айт Палестинада да атап өтілді. Ұшатын зымырандар, қираған ғимараттар және Израиль билігінің соғыс риторикасы палестиналықтардың бейбітшілік пен пандемияның аяқталуын тілеуіне кедергі келтірмеді.  Ораза айт-бұл тек мереке ғана емес, сонымен бірге қасиетті айдың қорытындысын шығаратын уақыт. Бұл күні мұсылмандардың есігі барлық адамдарға ашық. Қасиетті мерекеде, жақсы тілектердің орындалуына біз де сенім білдірейік, дейді олар.

Ғ.Өтемісов