Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шымкенттік кәсіпкерлер мониторингтің топтардың жұмысына наразы

AstanaTV
13.05.2021ж. 20:00
1738
Шымкенттік кәсіпкерлер мониторингтің топтардың жұмысына наразы

Мониторингтік топтар қаншалықты қажет? Шымкентте бір топ кәсіпкер осы сұрақты   көтерді. Жеңіл тамақтану орындарының өкілдері желкелеп жетіп келетін тексерушілердің шаршатқанын алға тартты. Айтуларынша, олар  кәсіпкерлерді қолдаудың орнына тығырыққа тіреп барады. "Сан сылтаумен айыппұл салуға әзір тұратындар онсыз да қысылтаяң шақта басы артық шығынға батырып жатыр" дейді. Келушілердің бетпердесіз жүргені үшін де таяқтың бір ұшы кәсіп иелеріне тиеді. Сондықтан бұл мәселені де бір жақты етуді сұрап отыр.

Бақытжан СӘРСЕКБАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Біз «ашық» сайтына тіркелгенбіз. Ол «ашық» программасында біз уже мониторинг бізді жүргізіп отыр. Электронды түрде  қадағалап отыр ол кісілер. Не керегі бар мынандай мониторинг группаның, жеке адамдардың келіп қадағалауы?! Ол кісілер келеді, «мониторинг группаданбыз» дейді. Олардың не куәлігі жоқ, не басқасы жоқ. Іште жүреді. Видео фиксация түсіреді. Апарады СЭС ке тапсырады. Олар тек штраф қолданады. Ешқандай түсініктеме жұмыстары жүргізілмейді.

Алайда әкімдік пен полиция өкілдері мұнымен келіспейді, жұмысты талапқа сай жүргізіп жатқандарын айтады. Сондықтан енді кәсіпкерлер палатасының өкілдері мәселені зерттеп, зерделейтін болады.  

Сабира АДАМБЕКОВА, ШЫМКЕНТ қ. КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Олардың рейдтік шаралары толық құрамда шыққан кезде ғана заңды болады. Олар бизнес нысандарына жалғыз бара алмайды. Мониторингтік топтарға қатысы жоқ қызметкерлердің рейдті жүргізуі де заңсыз болып табылады. Мұндай жағдайлда кәсіпкерлер оларды жібермеуге құқылы.


А. Төребекқызы