Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Дәрігерлер жазасыз қалмауы тиіс - ауруханада өлген батысқазақстандық келіншектің туыстары

AstanaTV
26.05.2021ж. 20:00
2125
Дәрігерлер жазасыз қалмауы тиіс - ауруханада өлген батысқазақстандық келіншектің туыстары

Батыс Қазақстанда науқастарды қабылдау бөлімінде жас келіншек көз жұмды. Марқұмның туыстары бұған дәрігерлерді кінәлайды. Айтуынша, Жұлдыз Мусина аудандық ауруханаға «жедел жәрдеммен» жеткізілген. ПТР тест алынғаннан кейін, алты сағат қараусыз жатып қалған. Оны емдеуге ақ халаттылардың ешбірі асықпады дейді. Таңертең түскен науқас кешкі сағат төртке дейін солай жатқан.    "Жұлдыздың артында екі баласы қалды, өз ісіне салғырт қараған дәрігерлер жазалансын" дейді жақындары.  

Гүлайым СӘНІМОВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Менің 40 жыл стажым бар опыт работы 40 жыл. Бірақ мен мұндай дәрігерді көрген жоқпын. Олар ұмытып кеткен жоқ. Бұл просто халатное отношение к ней! Просто олар ол жас, өлмейді деп ойлады. Аяғымен кеткен кісі ғой. Тек дәрігерлердің дұрыстап түсіндірмей, дұрыстап айтпай, сол үшін дұрыс моральная поддержка болған жоқ. У нее шок, из-за шока у нее сердце остановилось.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұған қатысты ауызша жауап қана берді.  Олардың мәліметінше, барлық ем-дом қабылданған алгоритмге сай жүргізілген. Жұлдыз Мусинаның ажалына не себеп болғанын анықтау үшін сот-дәрігерлік сараптама тағайындалған.

БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

Бекітілген алгоритмге сай, науқастан қабылдау бөлімінде ПТР-тест алынды. Тыныс алуы қалыпты болған соң, сол жерде қалдырылды. Бірақ түнде жағдайы күрт нашарлап, дәрігер-реаниматолог тексерді. Аман алып қалуға тырысқанымызбен, марқұм түнгі 01.45 дүние салды.

Е. Карин