Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Солтүстік Қазақстанда жүріп бара жатқан көліктен құлап кеткен азамат көз жұмды

AstanaTV
26.05.2021ж. 20:00
1714
Солтүстік Қазақстанда жүріп бара жатқан көліктен құлап кеткен азамат көз жұмды

Солтүстік Қазақстан тұрғыны көлікте шылым шегіп отырып,  құлап кетіп, көз жұмды. Полицейлердің айтуынша, тайота маркалы көлік Көкшетаудан Қостанайға бет алған.  Көлік жүргізушісі тынығып алу үшін рөлге әйелін  отырғызыпты. Өзі  электронды шылым шегіп отырып,  құрылғыны абайсызда түсіріп алады, сосын оны  орындықтың астынан ала алмаған соң, есікті ашқан көрінеді. Сол кезде сыртқа құлап кеткен. Азаматты дереу  ауруханаға жеткізгенмен, жарақаты ауыр болғандықтан дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады.

Сән ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ПД ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Саумалкөлдегі айналма жолдағы көпірде қайғылы жағдай орын алды. Машина жүріп келе жатқанда салоннан ер адам құлап кеткен. Оны бірге келе жатқан жолаушылар бірден ауруханаға жеткізгенімен, ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды.  

А. Құрманкин