Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Б.Байбек еріктілерге арналған «Жастар - Отанға!» республикалық сыйлығын тағайындағанын жариялады

AstanaTV
03.06.2021ж. 20:00
3823
Б.Байбек еріктілерге арналған «Жастар - Отанға!» республикалық сыйлығын тағайындағанын жариялады

Бауыржан Байбек «Biz Birgemiz» ұлттық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесті. Билік партиясы төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan» еріктілерді қолдайтынын және жастардың бастамасын құп алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ дәстүрлі республикалық «Жастар - Отанға» сыйлығы тағайындалды. Жыл соңында дейін ең белсенді еріктілер, меценаттар мен қоғамдық ұйымдар бес аталым бойынша марапатталады. Жасотандықтардың арасындағы еріктілердің жетістігі туралы келесі сюжетте.

Жалпыұлттық «Біз біргеміз» жас еріктілердің қозғалысы «Jas Otan» жастар қанатының жанынан құрылды. Партиялықтар мемлекет басшысының волонтерлікті ұлттық ауқымда дамыту бастамасын қолдап отыр.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Елбасы, біздің партияның төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақұлдап, біз жалпы Жастар-Отанға жол картасын беруді бекіттік. 3500 медикатор бар, 6500 әртүрлі іс-шара бар. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылы волонтерлар жылы деп атады. Жастар шын мәнінде өзінің белсенділігін танытып, көп жұмыстарды атқарып, шешті. Волонтер болу ол трендте болу. «NUR OTAN» партиясының атынан сіздердің қолдауларыңызбен, ұсыныстар мен жалпы Жастар-Отанға қоғамдық премияны ұсынамыз.
 

Шынында да еріктілер үлкен істерге ұйтқы бола білді. Жасотандықтар Арыс пен Мақтааралдағы апат салдарын жоюға белсене қатысты. Пандемияның алғашқы толқыны кезінде 5 мың белсенді Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 320 мың отбасыға азық-түлік себетін таратты. Ал сәуір айында еріктілер 3 мың медициналық қызметкерге ризашылығын білдіріп, ерекше қуантқан еді. Риддердегі өрттен зардап шеккендерге де жүздеген жас қамқоршы қол ұшын созды.

Сергей МАТЮШЕНКО, ВОЛОНТЕР, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «JAS OTAN» ЖҚ МҮШЕСІ:

Былтыр Мақтаарал ауданы апаттан зардап шеккен кезде біз Нұр-Сұлтаннан 40 тонна гуманитарлық көмек жібердік. Мен өзім барып сол аймақта нендей жағдай болғанын өз көзіммен көрдім. 2,5 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетін алды.


Бауыржан Байбек еріктілермен кездесуде ынталандыру ісін жолға қойып, заңнамалық базаны жетілдіру керектігін айтты. Ал ерікті студенттердің шәкіртақысын 30% көбейту белсенді жастардың түрлі волонтерлік ұйымдар ретінде күш біріктіруіне түрткі болмақ.

Перизат КАЙРАТ, «BIZ BIRGEMIZ» ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНЫЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінде волонтерлік біздің қоғам өмірінің айнымас бөлігіне, оңды құбылысқа айналды. Күн санап, қамқор азаматтар мұқтаж жандарға ақысыз көмек көрсету үшін бірігеді. Ол үшін біздің еріктілер қоры құрылды.

Бауыржан Байбек «Jas Otan» мен «Biz Birgemiz!» қозғалысының алдында елдегі барлық волонтерлік ұйымдармен серіктестікті дамыту секілді маңызды міндет тұрғанын атап өтті.  Партия төрағасының бірінші орынбасары еріктілерге ел игілігі жолында талмай еңбек етуге тілектестігін білдірді.

Е. Карин