Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Елімізде күзге дейін 10 миллион адамға екпе салынуы керек

AstanaTV
16.06.2021ж. 20:00
1748
Елімізде күзге дейін 10 миллион адамға екпе салынуы керек

Елімізде күзге дейін 10 миллион адамға екпе салынуы керек. Егер ол меже орындалмаса денсаулық сақтау министрі отставкаға кетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін министр-Алексей Цойдың өзі айтты. Жағдай әлі тұрақсыз. Елімізде  коронавирустың қауіпті үнділік штаммы анықталмаса да, өзге қауіпті штаммдар мутацияланып, ахуал өзгеруі ықтимал.   Алдағы бірер айда Жамбыл облысында вакцина өндіретін зауыт іске қосылады. Жаңа өндіріс орны Қазақстанмен қоса өзге елдерді де екпемен қамтамасыз етпек.   

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Қазақстан аумағын коронавирус инфекциясынан қорғау-   біз үшін қазір басты міндет.Біз алдағы уақытта 10 миллион азаматқа екпе салуды көздеп отырмыз. Әр азамат бұған саналы түрде қарайды деп үміттенеміз. Сондықтан, аймақтармен қарқынды түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Кез-келген үкімет мүшесінің жұмысын мемлекет басшысы бағалайды. Осы себепті, тиісінше дұрыс шешім қабылданады деп ойлаймын.

Министрлік   өкілдерінің айтуынша, еліміздің вакцинация куәлігін Монғолия, Венгрия және Тайланд екіжақты келісім негізінде мойындауға ниет білдірген. Сондай-ақ, Түркия, Кипрмен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазір елімізде екпенің 4 түрі қолданылуда. Ал, өзге вакциналардың қашан келіп түсетіні, бағасы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.   Қызыл аймақта жалғыз қалған елорда жұртшылығының 27 пайызы ғана екпе алған, вакцинациялау  қарқыны төмен.  Сәуірде 98 мың, мамырда 52 мың, маусымда тек 16 мың адам екпе салғызған. Сондай-ақ, мамандар «қазір екпе алмасаң, кейін ақылы болады» деп ел арасында тараған ақпараттың   жай қауесет екенін айтып, жоққа шығарды.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жалған ақпарат. Вакцина барлығына жетеді. Сондықтан, вакцина алуға шақырамыз.

Л. Қуанышқызы