Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматы облысында еліміздегі ең ірі жылыжай кешені ашылды

AstanaTV
25.06.2021ж. 20:00
1980
Алматы облысында еліміздегі ең ірі жылыжай кешені ашылды

Алматы облысында жылына 2- мың тонна қызанақ өсіретін жылыжай кешені ашылды. Индустриялық нысанның аумағы -5 гектар. Жасыл желекпен жайқалған кәсіпорын толығымен заманауи техникалармен жабдықталған. Алдағы уақытта онда тағы қияр мен көкөніс түрлерін сақтайтын қойма ашылмақ.

Бұл - еліміздегі ең ірі жылыжайдың бірі. Кәсіпорында қызанақтың үш түрі өсіріледі. Нысан толығымен Нидерландия технологиясымен жабдықталған. Жылына 2-мың тонна өнім өндіреді. Жылыжай директоры осылайша сырттан келетін көкөністі азайтып, жұртқа отандық өнімді көбірек ұсынамыз дейді.

Жандос ТҰРСЫНҒАЛИЕВ, «EURASIAN GREEN PRODUCT» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Кәсіпкер болған соң біз әрқашан ізденіс үстінде боламыз. Қандай да бір елімізде индустрияландыру бағдарламалары болып жатады ғой. Қай жағынан зауыт салуға, фабрика салуға, не салсақ деген ой болады. Бірақ енді нарық болған соң нарық өзінің ұсыныстарын келтіреді.

Кешеннің құрылысы екі жыл бұрын басталған. Кпрантинге байланысты жұмыстар сәл баяу жүрді дейді кәсіпкер. Жобаның жалпы құны – 5 млрд теңге. Қаржыландыруды аграрлық несие корпорациясы акционерлік қоғамы өз мойнына алған.

Жандос ЕРКЕБАЙ, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ НЕСИЕ ӨНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл жоба инвестициясы 5 жарым млрд теңге құрастырды. Оның 3,7 млрд теңгесін аграрлық несие корпорациясы қаржыландырды. Осы бизнес жобаның инициаторларымен бірге қосыла осы жобаны іске асырдық.

Жылыжайда 100 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта жұмысшы күшін көбейту жоспарланған. Кешеннің ашылуына жергілікті әкімдік те қолдау білдіріпті. Олар кәсіпорынды электр жүйесімен қамтамасыз еткен. Оған бюджеттен 100 млн теңге жұмсалған.

Жандарбек ДАЛАБАЕВ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ:

Бүгінде бұлардың бюджеттік салым 100 млнға жақын төлем ақысы. Келешекте толыққанды жұмыс істегенде 3 жарым мың тонна өнім өндіріп экспортқа шығарады. Мемлекеттік бағдарлама бар, бизнесті қолдау. Соның аясында 330 млн теңгеге Алматы обл әкімі А.Ғаббасұлының қолдауымен инфраструктурасын жүргізуге қаржы бөлінді.

Бүгін жылыжайдың тек бірінші бөлігі іске қосылды. Алда екі кезең бар. Қияр мен көкөністерді сақтайтын қойма салынады.

Ә. Лесбек