Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Дельта штаммы" тоқтар емес

AstanaTV
01.07.2021ж. 20:00
1941
"Дельта штаммы" тоқтар емес

Елордада карантин үшінші рет күшейтілмек. Бас қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағандықтан 7 күн ішінде карантин 3-рет қатайтылды. Соңғы тәулікте 800-ден аса адам вирус жұқтырған. 4-шілдеден бастап, Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының  уақыты  қысқарады. Сондай-ақ, жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді.  Ал   АШЫҚ жүйесіне қосылмаған фитнес-орталықтар дүйсенбі-жұма күндері ғана жұмыс істейді, ал қосылмағандардың жұмысы мүлдем тоқталады.   Мейрамханалар мен кафелерде, өзге де мекемелерде іс-шаралар өткізілсе нысан жұмысына тыйым салынады. Алматыда да жағдай мәз емес. Қалада дельта штаммын жұқтыру дерегі көбейген.    Мутацияланған штаммның таралу көрсеткіші 23 пайыздан 78 пайызға бірден артқан. Ал эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша 6 өңір қазір қызыл аймақта.  Бір тәулікте  еліміз бойынша 2 436  адам инфекция жұқтырған.

Л. Қуанышқызы