Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қытайда нөсер салдарынан 12 адам қаза тапты

AstanaTV
21.07.2021ж. 20:00
1453
Қытайда нөсер салдарынан 12 адам қаза тапты

Қытайда метроны су басып, 12 адам көз жұмды. Қайғылы жағдай Хэнань провинциясында болған. Толассыз жауған нөсер салдарынан жерасты жолдары суға толып, қабырғалар қираған.  Пойыз қозғалысы тоқтатылды. Жолда қалған жолаушыларға құтқарушылар көмекке келді. 500 адам эвакуацияланды. Бірақ, 12 адамды құтқару мүмкін болмады.  

ЧЖАН, КУӘГЕР:


Су басу өте күшті қарқынмен әрі жылдам болды. Біз шаршап, ары қарай шамамыз болмады. Біз қоршаулардан бар күшімізбен ұстап тұрдық. Сондықтан, бізді су шайып, ағызып әкеткен жоқ.


Мамандардың айтуынша, Чжэнчжоуда бір тәулікте 552 миллиметр жауын-шашын жауған. Әдетте жылына 640 миллиметр жаңбыр жауатынын есепке алсақ, бұл рекордтық көрсеткіш. Билік провинцияның 100 мыңға жуық тұрғынын жедел түрде қауіпсіз жерге көшірді. Құтқару тобына 6 мың әскери мен өрт сөндіруші жұмылдырылған. Чжэнджоу қаласының әуежайы барлық рейстерді тоқтатты.

Л. Қуанышқызы