Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

СҚО 500-дей жұмысшы жалақысыз қалудан қорқады

AstanaTV
30.07.2021ж. 20:00
2066
СҚО 500-дей жұмысшы жалақысыз қалудан қорқады

Солтүстік Қазақстан облысындағы тау кен комбинатындағы дау әлі ушығып тұр. Жұмысшылар жалақысыз қаламыз ба деп қорқады. Өйткені комбинат шығарған цирконий концентраты тиелген көліктердің, жолын полиция бөгеген. Жүк көліктерінде шамамен 60 тонна концентрат бар. Полиция бұл жайтты растады. Олар қомақты жүкті тәркілеген. Сондай-ақ, комбинат жұмысына қатысты дау болып жатқандықтан ол аумақтан ешқандай зат шығаруға болмайды дейді.

Қайрат ҚАСЕНОВ, СҚО ТАЙЫНША АУДАНЫ ПОЛИЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Автокөліктер тоқтатылып, содан заттық дәлелдемелер тәркіленді. ТОО Тиолайнға қатысты мүлік оның территориясынан шығарылмауы тиіс. +қалған ақпарат тергеу маңыздылығына байланысты жарияланбайды.

 
Жалпы, бұл компанияға қатысты дау бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Обухов ауылында орналасқан кен орнының 7 құрылтайшысы бар еді. Алайда, қожайындар бір ымыраға келе алар емес. Кәсіпорында ресейлік құрылтайшылардың да үлесі бар. 20 пайызға ие жергілікті серіктестік бұлай жалғаса берсе, халық жалақысыз қалатынын ескертті.  

Данил ДОЛГАЛЕВ, «ОБУХОВСКИЙ ГОК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


3-маусымнан бері күн сайын біздің жүк тасымалдайтын көліктерімізді тоқтатады. Себебін ешкім түсіндірер емес. Түнде полиция концентратты алып қойды. Біз «Тиолайнның» емес, өзіміздің мүлікті шығарып жатырмыз. Оның барлығын дәлелдейтін құжаттарымыз бар. Оған ешкім қарап жатқан жоқ. Полицейлер маған қатысты қозғалған қылмыстық істі желеу етеді. Мен оны көрген де емеспін.


Полиция істің ақ-қарасын ажыратуды уәде етті. Әрі химиялық заттың қай серіктестікке тиесілі екенін анықтаймыз дейді. Ал жұмысшылар болса, бұлай жалғаса берсе, жалақысыз қаламыз ба деп қорқады. Айта кетейік, мұнда шамамен 500-дей жұмысшы айлық алып отыр. Жалықылары да аймақ бойынша айтарлықтай жоғары. Жұмысшы топ, мәселені жергілікті атқамінерлер шеше алмай отырғанына наразы. Олар енді ел Президентінен көмек сұрайды.

Т. Оспанбаева