Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылордалық тұрғындар қолаңса иіске тұншығып отыр

AstanaTV
05.08.2021ж. 20:00
1934
Қызылордалық тұрғындар қолаңса иіске тұншығып отыр

Қызылорда қаласындағы Саяхат мөлтек ауданының тұрғындары 12 жылдан бері сасық иіске тұншығып отырмыз дейді. Айтуларынша, үйдің дәл жанындағы жер асты суынан пайда болған көлшіктің қолаңса иісінен дем алу мүмкін емес.  Ал айналасы қоқыс алаңына айналған. Жұрт бұл зиянды көлшікті жабу туралы билікке талай мәрте шағымданған, бірақ нәтиже шығар емес.  

Қозыбай АЯПОВ, ТҰРҒЫН:


Я бұл көміліп бітпейді, я қоймайды, жылда жылға қалалық акиматқа айтамыз. Бұл жердің егесі жоқ. Заң бойынша, егесіз жердің сасып жатса, үкімет, қалалық акимат өздері көмдіру керек екен. Бюджеттен ақша бөлінсе көміледі, бөлінбесе көмілмейді дейді. Сонымен 12 жыл болды осылай келе жатқанымызға.


Жаз басталса қолқаны қабатын иіске тұншығатын тұрғындар терезе ашудан қалдық дейді. Оларды балалардың да қауіпсіздігі алаңдатады. Ал қазір індет өршіген сайын қорқыныштың үдей түскенін айтады.

Жанзира АМАН, ТҰРҒЫН:

Кішкентай балаларымызды артынан қуалап, қарап жүреміз. Түсіп кетеді ма, бәрнәрсені жеп қоядыма деп. Оның үстіне, арасының бәрі құрт, шыбын, маса отыра алмаймыз. Ауырады бала шағамыздың бәрі. Оның бер жағының бәріне айтып болдық. Тек облыс әкіміне үндеу жариялап, Саяхат тұрғындары атынан, осындай шешімге келіп отырмыз. Әбден біз шыдап та болдық.

Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, мұндай көлшіктерді жою мәселесімен өздері де сарсаңға түскен. Бұған дейін осындай 16 жеке жер учаскесінің егесін сотқа беріп, мәжбүрлі түрде көлшікті көмгізген.  Қазір 10 іс сотта қаралып жатыр дейді. Ал мәселенің бірнеше жылға созылуы меншік иелерін анықтай алмағандықтан дейді құзырлы орын өкілдері.   

Ғанибек ОМАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Себебі бұған дейін азаматтарға арналған үкімет мекемесі арқылы көк қағаз істелінеді. Бізде жер учаскелерін тіркейтін республикалық база бар. Кейде сол республикалық базаға аталған жер актісі отырғызылмаса, меншік иесін айқындау тағы мүмкіндік болмайды.

Тұрғындардың «бас ауруына» айналған мәселенің соңғы нүктесін сот қояды дейді әкімдіктегілер. Оны шешудің енді басқа жолы жоқ екенін айтады.

М. Тоқтасынқызы