Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елорда мектептері жаңа оқу жылына 100% дайын

AstanaTV
17.08.2021ж. 20:00
1910
Елорда мектептері жаңа оқу жылына 100%  дайын

Елорда мектептері жаңа оқу жылына сақадай-сай. Барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып, оқушыларды қабылдайтын болады. Ол үшін мектепте антисептик, маска, бөлмелерді залалсыздандыру үшін кварц шамдары қойылған.   Ата-аналар мен   мектеп қызметкерлері ғимаратқа  "Ашық" бағдарламасы арқылы кіреді.   Жаңа оқу жылында оқушылар мектеп формасы болмаса  қарапайым классикалық үлгідегі киімдермен де  келе алады.

Жанат АЙТОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:


Жалпы оффлайнмен бұрынғы өзіміздің  дәстүрлі сабағымызды бастаймыз деп отырмыз. Оған барлық мектептер дайын деп ойлаймын. Себебі біз мына бүкіл дүниежүзін шарлап кеткен шырғалаңның әсерінен қазір біз қандай жағдай болмасын дайынбыз. Ол алғашқы кезде біраз қиналғанбыз қашықтықтан оқытуға. Ал қазір оффлайн дегеннен кейін мектепті біз оффлайнға дайындап отырмыз енді. Дайынбыз деуге болады. 100 пайыз дайынбыз.

Басқармадағылардың айтуынша мектеп мұғалімдері  түгел дерлік екпе алған. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды дейді.  

Асыл АМАНКЕЛДИЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық департаментпен бірлесіп, осы мектептерге қабылдау жүргізілді. Вакцинаға қатысты барлық ұстаздардың 97 пайызы вакцина алды. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласында 1900-ден астам педагог бар. Соның 97 пайызы вакцина алып отыр. Қалған ұстаздар бірінші қыркүйекке дейін алып бітеді.

Мектептерде балалардың денсаулығы үшін барлық шаралар қарастырылған. Қазір  оқушылар мектепке келіп, жаңа оқу жылына қажетті  кітаптарын алып жатыр.

А. Базарбай