Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда облысішілік пойызға жолаушы сыймай жатыр

AstanaTV
31.08.2021ж. 20:00
2543
Атырауда облысішілік пойызға жолаушы сыймай жатыр

Атырауда облысішілік пойызға жолаушы сыймай жатыр.  Жақында ғана темір жол желісі іске қосылды деп қуанған халық енді билет таппай сабылып жүр. Қалаға келіп, ауылына қайта алмай жүргендер көп.   "Бар-жоғы үш вагон екі аудан халқы үшін өте аз" дейді олар. Сондықтан жергілікті биліктен мәселені шешуді сұрайды.  

"Атырау- Д.Нұрпейісова" пойызының  іске қосылғанына  2-ақ  апта болды. Бірақ жаңа  пойызға   мүлдем  билет жоқ. Орталыққа келіп,  ауылына қайта алмаған адамдар вокзалда сабылып жүр. Ал таксистер осыны пайдаланып, бағаны шарықтатып жіберген.

Қазір күн сайын 3 вагон жүреді.   200 адам  қатынайды. Алайда темір жол бойындағы қос ауданда  85 мың  халық тұратынын ескерсек, бұл тым аз дейді тұрғындар.  Мұны жолсеріктер де растайды.

Алма ДИАСҚАНОВА, ЖОЛСЕРІК:

Бірінші ашылған кезде 20-30 шақты адам  қалып қойып жүрді. Билеті жоқ. Кеше ажиотаж болды,- дейді. Көп қалды дейді. Негізі вагон қосқан жақсы ғой. Жұрттар плацкарт сұрайды. Балалы адамдар. Купейный вагон сұрайды жұрттар.


Жолаушылар тасымалына жауапты маңғыстаулық  мердігер мекеменің өкілі жаңа вагон қосу жоспарда бар екенін айтты. Бірақ нақты қашан екені белгісіз дейді.

Асыланбек БАЙШАҒАНОВ, ЖШС ӨКІЛІ:

Біздер билетсіз ала алмаймыз халықты. Біздер көне вагонды әкеп қоя алмаймыз. Вагон қалай келеді. Қосамыз.


Айта кетейік, Құрманғазы , Исатай аудандарына баратын  Атырау-Астрахань жолы шұрық-тесік,  жазатайым оқиғалар жиі болғандықтан  халық арасында   «тозақ жолы» атанып кеткен.  Сондықтан халықтың  өтінішімен жуырда ғана шалғайдағы екі ауданға пойыз қатынай бастаған еді.   Бірақ ол қуаныштың ұзаққа бармағанына тұрғындар ызалы. Жергілікті билік вагон санын арттырып, мәселені шешіп берсе дейді олар.

Б. Надірқызы