Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматы облысында оқушы қызды зорлады деген күдікпен төрт жігіт ұсталды

AstanaTV
02.09.2021ж. 20:00
1853
Алматы облысында оқушы қызды зорлады деген күдікпен төрт жігіт ұсталды

Алматы облысында 14 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен төрт жігіт қамауға алынды. Бұл жайында әлеуметтік желі пайдаланушыларының бірі жариялады. Онда жазба иесі оқиғаның Текелі қаласында болғанын мәлімдеген. Өрімдей қызға қорлық көрсеткендер жерлестері делінген.

Алматы облысының Текелі қаласында 14 жастағы жасөспірімді төрт жігіт зорлады деген күдікпен ұсталды. Олардың үшеуінің жасы 17-де, біреуінің жасы 18-де болған.

Облыстық Полиция Департаменті аталған істі растап отыр. Олар полиция бөліміне қыздың әкесі шағымданып келді дейді. Қазір бұл іс тергеліп, төрт күдікті қамауға алыныпты.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодектің 120 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды.


А. Лесбек