Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тәуелсіздіктің елордалық құрдастары "Nur Otan" партиясының қатарына қосылды

AstanaTV
03.09.2021ж. 20:00
1295
Тәуелсіздіктің елордалық құрдастары "Nur Otan" партиясының қатарына қосылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 30 жастағы 30 елордалық "Nur Otan" партиясының қатарына қосылды. Саяси ұйымның жаңа мүшелер кездейсоқ таңдалмаған. Олар Тәуелсіздіктің төл құрдастары. Партиялық билеттерді табыстау шарасы да, егемендіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жастардың қатысуымен өткен шара барасында, Президенттің сәрсенбідегі Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Партияның қапалық филиалы төрағасының орынбасары, тәуелсіздік құрдастарының ел болашағы туралы пікірін тыңдау маңызды, дейді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының 37 мың тұрғыны партия қатарына қосылып үлгеріпті.

Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНІШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Партия бәрі үшін ашық. Біз ниетті азаматтарды партия қатарына қабылдауға дайынбыз. Бүгін де Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында партия қатарына 30 адамды қабылдадық.

А. Данияр