Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қымбатшылық: елде біршама тауардың бағасы өсуі мүмкін

AstanaTV
14.09.2021ж. 20:00
1070
Қымбатшылық: елде біршама тауардың бағасы өсуі мүмкін

Елімізде тұрмыстық техникалар мен киім-кешектің бағасы өсу мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы айтты. Мұның бірнеше себебі бар дейді.  Үкімет  отырысында   "Мемлекет басшысының тапсырмасына қарай әрекет етіп жатырмыз",  деген ведомствоның да  жыл соңына дейінгі болжамы айтылды.  Толығырақ әріптесім Асылбек Данияр тарқатады.

Ұлттық Банк төрағасы қымбатшылықтың жалғасатынын айтып, халықты алаңдатып қойды. Бағасы шарықтайды дегендердің қатарында: үйге қажетті тауарлар, тұрмыстық техника, тағысын тағы. Қазір құны удай  құрылыс материалдары да осы санатта...

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫ:


Тұтыну бағасының жиынтық индексінің 51 пайызын құрайтын азық-түлік инфляциясы тарапынан бағаларға негізгі қысым көрсетіледі. Жанар-жағармай бағасының өсуі жалғасуда. Бұл киім-кешек және аяқ киім бағасының өсуін де жеделдетеді.


Жанар майға қатысты  өңірлерде әзірге өсім байқалмайды. Жалпы, инфляция жайы әлі мәз емес. Ұлттың банк төрағасы қазіргі ахуал бойынша көрсеткіш 8,7% -ке жеткенін айтты. Мұндай деңгей соңғы 13 жылда тіркелмеген.

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:


Биылғы жылдың сәуірдің басынан тамыз аралығында жылдық инфляция 7%-тен 8,7% -ке  дейін жылдамдады. Ұлттық банк биылғы жылдың соңына қарай, инфляция 7,5-8,5 % дәлізінде қалыптасады, деп күтілуде.

Қаржы министрінің айтуынша,  қаржының жұмсалуы биылғыдан жоғары. Дегенмен, бөлінген ақшаны игермегендер де бар. Жалпы, сома- 24 миллиард теңге.  Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт  секілді министрліктер  бөлінген қаражатты мақсатты жұмсай алмаған.  

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттарын ұсынбау; Төлем нақты көрсетілмеген қызметтер көлемін үшін жүргізілуі орындалған жұмыстардың АКТ-лерін, счет-фактураларын ұсынбауы тағы басқа себептер.


Жергілікті бюджет бойынша да игерілмеген қаржы көлемі осы шамада. Тізімнің көш басында: Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысы тұр.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:


Әлемдегі жағдайды желеу еткен Ұлттық банк пен Үкімет инфляцияны бақылаудан шығарып алғаны үшін Президенттен сөз естіген еді. Мемлекет басшысы оларға  инфляцияны жедел 4-6 пайыз деңгейіне қайтаруды тапсырды. Десе де ол тапсырма биыл орындалмайтын сияқты. Ерболат Досаевтың мәлімдемесі осыны көрсетті.

 

А. Данияр