Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Көмір бағасы қанша?

AstanaTV
14.09.2021ж. 20:00
2152
Көмір бағасы қанша?

Жеме-жемге келгенде көмір қымбаттап кетеді! Жылыту маусымына дайындалған халық көмір құнына қазірден шағымданып отыр. Биыл да жұртшылық елорданың суығына төтеп беру үшін тонналаған қатты отынды сатып алуға тиын санап отырғандарын айтады. Ал, шенділер көмірден қиындық тумайды деп Үкімет отырысында сөз берді. Уәде орындала ма? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Елордалық Нұрила Қадырова қысқа мүлдем дайын емес. Өйткені, жыл сайын бағасы аспандап кететін көмірге биыл қаражаты жоқ. Ал, астананың көктемі кеш шығады. Қаһарлы қыстың 3 айын айтпағанда, көктемнің өзі қыстан кем емес. Енді не істерімді білмеймін, дейді.

Нұрила ҚАДЫРОВА,НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Алған жоқпыз әлі. Пока ескі көмірлер дейді. Кттіп жатырмыз, бағасы оның түспейді,қымбаттамаса. Не арзандап жатыр, ештеңе арзандап жатқан жоқ. Көмір қымбат слишком, соны алу керек.Бесплатно берсеңдер жақсы болар еді. Енді бізге 10 тонна көмір керек.

Қара отынның қымбатшылығы да  жұрттың жәйін одан әрі қиындатып отыр. Бағаны әдетте арадағы делдалдар барынша өсіреді дейді олар.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ,ТІЛШІ:

Көмір қымбат.Оны сатып алуға ақшамыз жетпейді деген халық кедейшіліктің қамытын киіп отыр. Ал, бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі қызметіне енді кіріскен Мағзум Мырзағалиев қоймада 3,5 миллион тонна көмір бар, ол бәріне жетеді және бағасы қолдетімді деді. Ал, көмір саудасы қызған кезде министр мырза ел аралап, шынайы бағаны көрсе екен, дейді халық.

Мағзум МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:


Электр станцияларында отын жинақтау жалғасуда. Қоймаларында 3,5 миллион тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. Бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

Министр осылай деп отыр. Дүрбелең, көмір тапшылығы тумайды десті шенділер. Жалпы жылыту маусымына дайындық жаман емес деген олар көмір бағасы нарықтық қатынастарда қалыптасады. Ол мемлекет тарапынан реттелмейді,деді.

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Өңірлердегі көмірдің құны тоннасы 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл ең алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты болады.

Мемлекет тарапынан реттелмейтін бағаның маусымда тағы ұшығып кетпейтініне кім кепіл?! Тоннасы 19 мың теңге болса,  қара халық үшін оңай болмасы бесенеден белгілі.
 
Л. Қуанышқызы