Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жылу маусымына дайындығы нашар өңірлер бар

AstanaTV
14.09.2021ж. 20:00
1208
Жылу маусымына дайындығы нашар өңірлер бар

Қызылжарда 65 үй жылу маусымына  дайын емес. "Тұрғындардың өзі қамсыз отыр", дейді құзырлы орган өкілдері. Ал  тұрғындар  билікті кінәлайды. Шын мәнінде мәселе неде? Жауаптылар қыстың қамын неге  жазда ойламады?  Өңірден- Абзал Құрманкин.

Брусиловский көшесіндегі 12-үйде бір айдан бері ыстық су жоқ.   Бұл аз болғандай, енді күн суытқан кезде дірдектеп отырмыз дейді тұрғындар. Себебі, магистральдегі жаңғырту жұмыстарының салдарынан көпқабатты баспана жылу жүйесіне әлі қосылмаған.  

Юрий КОМАНДРИКОВ, БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯ ТӨРАҒАСЫ:


Жылу құбырларын жөндеу жұмыстары тамыз айында басталып, қыркүйектің жетісінде аяқталуы тиіс еді. Бірақ көп тұрғаныңыздай жұмыс қарқыны баяу. Жақын арада бітетін түрі жоқ. Келесі аптада күн суытады. Жылусыз қалай отыратынымызды білмеймін.

Құзырлы органдар жаңғырту жұмыстары айдың соңында аяқталады дейді.  Айтуынша, мердігерлер жұмыстың басым бөлігі біткен. Жұрттың жылусыз қалмайтынына сенімді.   Жылу электр орталығында да  жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр, дейді.

Евгения ОСТРОВСКАЯ, СҚО ТҮКШ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Петропавл жылу электр орталығында бес қазандық пен бес турбинаның жаңғыртылуы аяқталды. Енді тағы бес қазандық пен бір турбина жоспарлы түрде жөнделіп жатыр. Жылдың соңына дейін жұмыстар аяқталады. Қазір жылыту маусымына қажетті қазандықтар дайын. Ал жөнделіп жатқан қондырғылар кейін резервке қойылады.

Ал энергетика министрлігі басқа мәлімет жариялады. Үкімет отырысында  Солтүстік Қазақстан облысымен қатар тағы 3 өңірдің жылу маусымына  дайындығына қатысты сын айтылды.    

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:


Жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша, орталықтандырылған жылумен қамту аймақтарындағы 485 қазандықты жылыту маусымына дайындау үшін 1209 қазанның 925-не жөндеу жүргізілді. Бұл ретте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары бойынша жоспардан едәуір артта қалушылық байқалады. Бұл алдағы жылыту маусымының сенімді өтуіне қауіп төндіреді.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Министр коммуналдық кәсіпорындардағы шикіліктерге байланысты    аталған аймақтарды қатаң бақылауға алған. Айтуынша, биыл көмір  тапшылығы болмайды. Елімізде жыл басынан бері қара отынның 68 млн тоннасы өндіріліп, өңірлер шамамен 80 пайыз қамтамасыз етілген.


А. Құрманкин