Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Тұмауға қарсы екпе егу басталды

AstanaTV
15.09.2021ж. 20:00
3476
Тұмауға қарсы екпе егу басталды

Бүгін  тұмауға қарсы маусымдық вакцинация басталды. Елімізге Ресейлік препараттың 2 жарым миллион дозасы әкелінген. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой салғызды. Короновирусқа қарсы екпе мен тұмауға қарсы вакцинаны қатар алу қаншалықты қауіпсіз? Толығырақ тілші Ақбота Базарбай тарқатады.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Биыл тұмауға қарсы салынатын препарат-гриппол плюс деп аталады. Ресейлік екпе. Мамандардың айтуынша, иммунитетті қалыптастырады.  6 айдан 12 айға дейін иммунитетті күшейтуге көмектеседі.  Бұл тұмаудың барлық түрінен қорғайды дейді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр -Сұлтан қаласының номері алтыншы қалалық емханасында алғашқылардың бірі болып екпе салдырды. Дәрігерлердің айтуынша препараттың пайдасы мол.  Сол себепті азаматтар мүмкіндік болса алғаны  дұрыс дейді.

Асқат ІЗТАЕВ, ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВТ:

Гриппол вакцинациясының мақсаты - бұл жаңағы қалыпты иммунитет қалыптастыру. Яғни, грипп, грипп болғанда да гриптың өзі кіреді, одиновирустар кіреді, реновирустар кіреді, парагрипп кіреді, және ОРВИ болса тұмаудың бірнеше түрлері қарсы көрсеткіш қалыптасады.


Бірақ көпшілікті ковидке қарсы вакцина мен қатар мұны алуға болады ма деген сұрақ мазалайды.  Мамандардың айтуынша, ковид пен тұмау ұқсас , бірақ екеуінің қоздырғыштары екі түрлі.  

Айнагүл ҚУАТБАЕВА, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Короновирусқа қарсы, тұмауға қарсы вакциналардың арасында 2 аптадан 4 аптаға дейінгі  уақыт интервалы сақталынуы қажет. Сонымен қатар  осы екі вакцинаның бір-біріне ешқандай қарама қайшылықтары жоқ. Және медициналық кері көрсеткіштері болмаса вакциналарды ала беру мүмкіншілігі бар.

Арнайы топқа кіретін адамдар үшін, яғни мектеп жасына толмаған және мектеп жасындағы балалар, медицина қызметкерлері,  жабық мекемелердегі адамдар, созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар және 60 жастан асқан қарттар үшін екпе тегін, ал басқа адамдар үшін екпе құны - 2000 теңге.

БЛИЦ:

- Ковидқа қарсы вакцина алдық. Бірінші, екіншісін де. Енді гепатитке жыл сайын аламыз.

- Екі вакцина алдық. Бәрі жақсы. Температура жоқ.

 
Елімізде  тыныс алу мүшелерінің ауруларынан көз жұмғандар саны жыл басынан бері  7900 адамға жеткен. Оның   2300-і тұмау, жедел респираторлық инфекциялар мен пневмониядан қайтыс болды дейді сарапшылар.  Өлім-жітім әсіресе Алматы қаласында көп тіркелген.    

А. Базарбай