Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

XVII Еуразиялық медиафорум басталды

AstanaTV
15.09.2021ж. 20:00
1075
XVII Еуразиялық медиафорум басталды

«Әлем жаңа құндылықтарды іздейді». Елордада басталған XVII Еуразиялық МедиаФорум осы тақырып аясында ұйымдастырылған. Шара оффлайн өткенімен, ниеттілер онлайн қатысуға да мүмкіндік алды. Жоспар бойынша жиын үш күнге созылады. Бүгін әлем өзекті болған екі мәселе қозғалды. Тілшіміз жалғастырады.  

XVII Еуразиялық МедиаФорумы - пандемия басталғаннан бері елордада кең көлемде өткізіліп жатқан сирек шаралардың бірі. Соған қарамастан ұйымдастырушылар мүмкіндігінше барлық тақырыптарды қамтуға тырысқан. Көтерілетін проблемалар көп және ол әлем үшін де маңызды. Соның бірі -  Ауғанстандағы ахуал. Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс өкілдерімен жұмыс істеу, шекаралас елдермен ешқашан достық орнатпағандарын ескерсек, бұл оңай болмайтынын қатысушылар жақсы түсінеді. Десе де, сарапшылар оны шешуге болады деп санайды.

Бахтияр ЭРГАШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Алдымен олармен жұмыс жасауды үйрену керек. Олар пулеметпен өмір сүруді емес, елдің дамуы үшін экономикалық салада жұмыс істеуді және шешім қабылдауды үйренеді. Біз оларға көмектесуіміз қажет. Меніңше, диалогты бастауға Орталық Азия, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің әлеуеті жеткілікті. Менің ойымша, туннельдің соңында жарық бар.

Форумның алғашқы күні шеберлік сағаттарымен жалғасты. Халықтың өмір сүру салтын қалай жақсы жағынан өзгертуге болатыны сөз болды. Тіпті ТікТок желі қолданушылары көңіл көтеріп қана қоймай, тұрмыстық зорлық -зомбылыққа назар аударта алады  дейді.

Алмагүл АХМЕТЖАНОВА, ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИА ФОРУМНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің мақсат - әртүрлі кәсіптің, әртүрлі пікірдің өкілдерін бір үстелдің басына жинау. Біз толыққанды диалогқа жағдай жасау міндетін қойдық. Осы жерде көтреілген идеялар, біреуге ой салуы мүмкін. Жаңа идея тууына сеп болуы да ғажап емес.

Иә, форум барысында, шынымен көптеген идеялар ортаға тасталды. Мәселен, сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығы турасында, біршама оңды пікірлер айтылды.

Салах ХАЛИЛ, "MACAT INTERNATIONAL LTD" НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Сыни тұрғыдан ойлау қазіргі әлемде бірінші орында. Бұл компаниялар үшін мамандарды таңдаудағы негізгі құрал. Бұл мен келтіретін мысалдардың бірі ғана. Бүкіл планета бойынша Жапония алдыңғы қатарда тұр. Бұл прогрестің қозғаушы күші екенін олар бұрыннан түсінген. Ал қараңызшы, олар қазір қандай мемлекетке айналды.

Пандемия басталғалы Еуразиялық МедиаФорум - көптеген мамандарды дөңгелек үстелге жинаған жалғыз шара. Елордада өтіп жатқан форум 3 күнге созылмақ. Сарапшылар ертең Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, пандемияның салдарын, жаңа технологияларды және бұқаралық ақпарат құралдарындағы кемшіліктерді талқылайды.

А. Данияр