Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Екібастұзда кәсіпкерлер шу шығарды

AstanaTV
20.09.2021ж. 20:00
1112
Екібастұзда кәсіпкерлер шу шығарды

Екібастұзда  кәсіпкерлер жылу құнының  тым қымбат  екенін айтып шу шығарды.  Айтуларынша, бір шаршы метрге- 14 462 теңге, бұл- еліміздегі ең жоғары тариф. Шағын және орта кәсіпкерлік  өкілдері қала әкімдігіне жиналып,  наразылықтарын білдірді. Көмірге  бай өндірісті аймақта  жылу   неге  қымбат? Тілшіміз Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Көмірдің отаны - Екібастұзда жылу ақысы  заңды тұлғалар үшін тым шарықтап кетті. Бұған наразылық танытқан кәсіпкерлер әкімдікке келіп, мұң-мұқтажын жеткізді. Айтуларынша, бұл- еліміздегі ең қымбат тариф.

Сәндігүл ҚОЖАНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Біз өзіміз көмірдің арасында отырмыз. Біздің көмірімізді бүкіл ел жұртқа апарады. Ну, бізде ең қымбат тариф. 14 600 деген ол сұмдық емес пе? Бір комната үй 37 мың теңге ақша төлеу керек айына.

Жеке кәсіпкер Әйгерім Шметова  құрқылтайдың ұясындай ғана   дүкеніне жылу үшін ай сайын 35 мың теңге төлейді.  Тарифтің  қымбаттығы  бизнеске де кері әсер етті дейді ол.  

Әйгерім ШМЕТОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:


Бұған дейін 35 мың төлегенбіз осы 36 шаршы метрге. Енді бізге июль айынан бастап 7%-ға көтерілді. Енді біз бұдан да көп төлейміз осы жылуға. Магазин жабылып қалуы мүмкін осындай тариф бола берсе. Екі продавец ұстамаймын, бүгін бір продавецім тұрса, ертеңінде мен тұрамын. Өйткені, не выгодна держать продавцов.

Елімізде өндірілетін  көмірдің 40 пайызы  Екібастұз шаһарына тиесілі. Алайда, мұнда жылу құны басқа қалалармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мәселен, ірі мегаполис Алматыда жылудың бір шаршы метріне заңды тұлғалар -6 534 теңге төлесе, елордалықтар   5 432 теңге төлейді. Ал Екібастұзда -14 462 теңге.

Ибрагим ТАНГИЕВ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Екібастұздың жылу станциясы басқа қалалардағыдай аралас емес. Яғни, тек жылу ғана өндіреді. Сондықтан шығынды жабатын басқа балама көзі жоқ. Оған қоса заңды және қарапайым тұлғаларға арналған саралау да қарастырылмаған. Есептегіш құралы бар болса да, заңды тұлғалар 1 шаршы метріне орташа босату құны -12 913 теңгені төлейді.

Ал бағаны   әкімдік бағындыра алмайды дейді.  Дегенмен монополияларды реттеу мекемесі тариф бағасын   қайта қарамақ.  Қазір осыған орай  сараптама жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.   Сараптама қорытындысы екі аптадан соң белгілі болады.

Ө. Қуанар