Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда жүк көліктерінің жүргізушілері бір аптадан бері жолға шыға алмай отыр

AstanaTV
01.10.2021ж. 20:00
2396
Атырауда жүк көліктерінің жүргізушілері бір аптадан бері жолға шыға алмай отыр

Атырауда жүк көліктерінің жүргізушілері бір аптадан бері жолға шыға алмай отыр. Оған себеп  -аймақта дизель   тапшы.  Мұнайлы өңірдің өзінде көп бекеттер жанар май сатып жатқан жоқ. Кейбірі лимитпен ғана беруде. Бұл алыс жолға шығып,  нәпақасын тауып жүргендер үшін қиын болып тұр.

Әмзібек ЖАЙНАҚОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

24-і күні келгем. Жеті күн болды жатқаныма. Масқара ғой. Атырауда мұнай тұр. Мұнай шықпаған. Азанда бардым тоже жоқ солярка. Ең болмаса 100 л беріңдер десем. 100 де бермейді.


Әмзібек Жайнақов Ақтаудан  Атырауға  жанар майы таусылып, әрең жеткенін айтады. Жол-жөнекей ақшаға сатып алар дизель отынын таппаған. Бір аптадан бері көлігін ақылы тұраққа қойып, өзі соның ішіне қонып жүрген көрінеді. Өзге жүргізушілердің де  жағдайы осындай. Ал билік өкілдері  дизель отыны жетіспеушілігі туындамауы үшін   талонмен сату жүйесіне көшкенін айтады.

БЛИЦ:

-  Тәулігіне бір-ақ береді. Басқа нағыламыз? Жатырмыз осы жерде күтіп. Қымбат вообще казір. Бір жерде тіпті 298 тенгеден бар.

- Мен Ақтөбеге баруым керек. Бұл 600 шақырым. Мен қалай барамын. Әрі қарай қу дала. Ештеңе жоқ. Енді жүрмін айналып, 100 литрден жинап. Мынадай алып көлікпен жинап жүру ақылға да сыймайды ғой.   


- Тұрмыз міне,  тұрақта. Солярка жок. Солярка кымбат. Жолда 289 270 болып жатыр.  

Мамандардың айтуынша, бұл жылда болатын жағдай. Себебі, егін-терім уақытында сұраныс артады. Ауыл шаруашылығы техникаларының барлығы дизельмен жүреді.  

Анар АХМЕТОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

 
Қорда 1700 тонна дизель бар. Бұл шамамен 4-5 күнге жетіп қалады. Қор таусылғаннын өзінде,  тапшылық болмайды. Себебі, зауыт күн сайын өндірілген өнімді сатыққа шығарып отыр.


Б. Надірқызы