Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

31 жастағы келіншек сәбиін дәретханаға босанып, тастап кеткен

AstanaTV
04.10.2021ж. 20:00
2106
31 жастағы келіншек сәбиін дәретханаға босанып, тастап кеткен

Атырауда  31 жастағы әйел  дәретханада босанып, шақалақты сонда тастап кеткен. Мұны туыстарынан да, дәрігерлерден де жасырмақ болыпты. Қызынан қан кетіп жатқанын байқаған анасы жедел-жәрдем шақырған. Бірақ келіншек дәрігерге қаралудан да, аурухана барудан да үзілді-кесілді бас тартқан көрінеді. Дәретханадан дыбысты естіген көршінің қызы, анасына айтқан соң ғана шындықтың беті ашылған.  Нәжіске  батқан нәрестені ақ халаттылар әрең  алып шықты.  

Анар ДОСПАЕВА, ИНДЕР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Ол адам өзінің жүктілігін жасырған, есепке отырмаған, жасырып жүрген. Бір үйлер болады ғой: жер үйлер 3 үйге, 4 үйге бір дәретхана. Ағаш дәретхана ғой, соны төңкеріп, құлатып, акушерканы бала жатқан жаққа қарай төмен түсіреді. Бала қақ ортаға түскенде нәжіске сіңіп кетер ме еді, ол бала жарға қарай түскен. Баланы жуындырып, жайлап-жайлап жылытты. Ренгенге қарадық, таза өкпесі.

Мемлекеттік мекемелердің бірінде  тазалықшы боп еңбек ететін  келіншек күні кешеге дейін жұмыста болған. Қызметкердің жағдайын әріптестері де байқамай қалыпты. Әріптестері  оны біртоға, артық сөзі жоқ жан дейді.  Бұрын-соңды тұрмыс құрмаған.  10 жастағы бір баласы бар көрінеді. Анасымен бірге үй жалдап тұрады. Қазір полиция Қылмыстық Кодекстің  «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабымен іс қозғады. Естеріңізге салайық, аймақта бұл алғашқы жағдай емес. Жыл басында Сағыз ауылында 35 жастағы келіншек  баласын туа сала қоқысқа лақтырып тастаған еді. Полицейлер шақалақтың денесін тапқан. Бұған дейін де төрт баласы болған безбүйрек келіншек бір жыл алты ай мерзімге сотталған болатын.

Б. Нәдірқызы