Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Германияда тұратын бірнеше қазақстандық "Nur Otan" партиясының қатарына қосылды

AstanaTV
04.10.2021ж. 20:00
1079
Германияда тұратын бірнеше қазақстандық "Nur Otan" партиясының қатарына қосылды

Германияда тұратын қазақстандықтар "Nur Otan" партиясына мүшелікке өтті. Бұл туралы Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына орай ұйымдастырылған жиында белгілі болды. Сондай-ақ, аталмыш шара Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Германияның «Бірлік күні» мейрамына арналған. Мерекелік кездесу Баден-Вюртемберг провинциясында өтті. Партия қатарына қосылған "Qazan" қауымдастығының мүшелеріне арнайы билеттер тапсырылды. Солардың бірі кәсіпкер Елена Федоренко. Ол бұл қадамын өте маңызды деп санайды.

Елена ФЕДОРЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Қазақстанның саяси өмірі, мені бейжай қалдырмайды. Онда менің жақындарым, бауырларым тұрады. Балқаш менің екінші кішкентай Отаным. Мен ол қаланы өте қатты жақсы көремін. Мен ол жерде тудым. Мен Қазақстанға жиі барып тұрамын. Пандемияға дейін жылына екі рет барып тұратынмын.

Qazan қауымдастығының төрағасы Валерий Оствальд болса, 30 жыл ішінде Қазақстан мен Германияның ара-қатынасы жоғары деңгейде дамығанын, әрі саяси диалог орнатылғанын атап өтті. Nur Otan партиясының өкілі Денис Козырев болса, партия санатында болу қоғамның саяси өміріне және оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның мәліметінше, карантиндік шектеулерге байланысты аталмыш шараға қазақстандықтардың тек бірінші легі ғана шақырылған.

Д. Жарқынбек