Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Сирия келіссөзі қыркүйекте жалғасады

AstanaTV
22.08.2017ж. 20:00
2457
Сирия келіссөзі қыркүйекте жалғасады

Сирия келіссөзіне қатысты Астана процесі қыркүйекте өтеді. Мұны Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Тамыздың аяғына дейін кепіл-елдер - Ресей, Иран, Түркия сарапшылары өзара кездесіп, Астана келіссөзінің мерзімін келіспек. Бұл жолы Астана процесіне Ирак та қатысуға ниет білдірді.

Ирактың Ресейдегі елшісі Хайдар Хадидың айтуынша, Ирак терроризммен 2003 жылдан бері күресіп келеді, сондықтан Сирия мәселесін шешуде тәжірибесі жеткілікті. Ирак Сириядағы соғыстың тоқтатылуына мүдделі. Өйткені шекарасы мен тарихы ортақ. Сондықтан Ирак көршілес елде тұрақтылық орнап, бірнеше жылға созылған зорлық-зомбылық тыйылғанын қалайды, - дейді Ирак елшісі.