Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордалықтардың 80% -ы тегін медициналық қызмет алады

AstanaTV
05.10.2021ж. 20:00
1351
Елордалықтардың 80% -ы тегін медициналық қызмет алады

Елордалықтардың 80% -ы медициналық қызметтерді тегін алады.  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру көп нәрсеге жол ашқан. Қазір мемлекеттік мекемелерге тіркелу қол жетімді. Бұл тұрғындарға қай емханада емделгісі келетінін таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау үшін 36 медициналық мекеме бар.

Медициналық академияның 5-курс студенті Таис Дуквагаева міндетті мемлекеттік сақтандыруға өз еркімен қаражат құйып жүр. Болашақ дәрігер ретінде ол денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайды және мұның  қаншалықты маңызды екенін  жақсы түсінеді.  Таис  жақында құны  40 мың теңге болатын қызметті тегін алған.

Таис ДУКВАГАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Заң қабылданғаннан кейін  мен Қазақстан азаматы ретінде міндетті медициналық сақтандыру   жарнасын төлеп, ақысыз ем алу туралы шешім қабылдадым.   Міндетті медициналық сақтандырудың арқасында МРТ сканерлеу қызметін тегін алдым.  Қазір медициналық сақтандыру- пациенттер үшін емделудің жақсы әдісі. Өйткені бұрын, бұл қызметтердің барлығы ақылы еді, ал қазір сақтандыру компаниясы төлейді.

Міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде пациенттер қымбат тексерулерге  тегін жіберіледі. Сондай-ақ, бұл  дәрігерлер үшін тиімді. Көрсететін қызметтердің саны мен сапасына қарай  жалақыға үстеме қосылады дейді.   

Светлана КОРОЛКОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №9 ЕМХАНАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Міндетті медициналық сақтандырудың шеңберінде дәрігер неғұрлым көп қызмет көрсетуге тырысады. Мысалы, маман неғұрлым көп консультациялар жүргізсе немесе диагностикалық зерттеулер жасаса, жалақылары жоғарылайды. Емхана қызметкерлері сапалы қызмет көрсетуге тырысады, сол себепті адамдар бізде тексерілуге, емделуге келеді.

Елордада 15 қарашаға дейін медициналық мекемелерге тіркелу науқаны жүріп жатыр. Тұрғындар қай мекен-жайда тұратынына қарамастан, өзі қалаған емханаға тіркеле алады. Оған қоса, МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімі үнемі жаңартылып отырады. Дәрігерлер өздері ұсыныс жасайды, оларды кейін медициналық сақтандыру қоры қарайды.

Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бүгінгі күнде 108 емдеу мекемелері бар. Соның ішінде -71 мекеме жеке емдеу мекемелері. Былай салыстырмалы түрде қарағанда, осы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры енгізілгеннен кейін бәсекелестік өте жоғары. Себебі жеке меншік емдеу мекемелері мен үкіметтік мекемелер арасында салыстырмалы түрде қалай екенін өзіңіз байқап отырсыз.


Елордада халықтың 80% -дан астамы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. 108 ұйымда  тегін медициналық қызмет көрсетіледі.

А. Базарбай