Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан Сауд Арабиясымен агроөндіріс кешені саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті

AstanaTV
22.08.2017ж. 20:00
3530
Қазақстан Сауд Арабиясымен агроөндіріс кешені саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті

Қазақстан Сауд Арабиясымен агроөндіріс кешені саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті. ЭКСПО көрмесіндегі ислам елінің ұлттық күнінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі осылай деді. Оның айтуынша, Қазақстан Сауд Арабиясының геосаяси жағдайы мен экономикалық мүмкіндіктерін жоғары бағалайды.

Рүстем Кұрманов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Екі жақты ынтымақтастықты дамытуға әлі де пайдаланбаған әлеуттер бар деп санаймын. Біз Сауд Арабиясына еліміздің нарығында инвестицияны арттыруды ұсынып отырмыз. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені. Біз, ауыл шаруашылығы минситрлігі, ол үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз.

Қазір Сауд Арабиясы күн және жел энергиясын алуға қатысты 30 жоба шығаруды жоспарлап отыр. Ал бүгін Сауд Арабиясының павильонында жаңартылған энергия саласындағы түрлі жобалар көрме қонақтарына ұсынылды.