Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысында қарақұйрық атқан броконьерлер ұсталды

AstanaTV
07.10.2021ж. 20:00
2374
Жамбыл облысында қарақұйрық атқан броконьерлер ұсталды

Жамбыл облысында қарақұйрық аулаған броконьерлер құрықталды. Онсыз да тұқымы жойылып кету қаупі бар аңды Мойынқұм ауылының екі азаматы атып алған. Оларды "Сапсан" жедел жасағының қызметкерлері із кесу арқылы қолға түсірді. Күдіктілер екі көлікпен екі жаққа қашып құтылмақшы болған, бірақ жымысқы ойлары жүзеге аспады. Қылмысты жасырмақшы боп, жануардың терісін сыпырып, бас сүйегін, сирақты және етін бөлшектеп қапқа салып алған көрінеді. Қашып жүріп, ол айғақтардан құтылу үшін жолай лақтырып отырған. Көліктерді тінту барысында 12-ші калибрлі 2 мылтық пен 31 дана оқ-дәрі табылған. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қызыл кітапқа енген аңды атқаны үшін күдіктілер 3 жылдан 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Немесе қомақты айыппұл арқалайды.

Кенжебек АБАЙ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «САПСАН» ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мойынқұмның криминалдық полиция шақырылып сол жерде тергеу амалдары жүргізіліп сол етілді. Жазасы енді көбірек болғанымен бұл жерде айыппұлы көбірек болады. Ана жерде бір бас 3,5 миллион болса мына жерде енді 7 миллиондай сондай болады.


Б. Жұмабайұлы