Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Әйелін өлтіріп, қызына оқ атқан адам 23 жылға сотталды

AstanaTV
11.10.2021ж. 20:00
1712
Әйелін өлтіріп, қызына оқ атқан адам 23 жылға сотталды

Қызылжарда әйелін өлтіріп, қызы мен жиеніне  оқ атқан ер адам сотталды. Қанды оқиға  Тимиряз ауданында болған.  Отбасылық мереке  кезінде  отағасы ішімдікке сылқия тойып алып, жанжал шығарады. Әйелі қызының үйіне кетіп қалады. Ізінше 58 жастағы ер адам мылтық пен пневматикалық тапанша алып, сонда барады. Өз сөзін өткізе алмаған соң,   әйелін сол жерде атып тастайды. Қызы мен 12 жасар жиеніне де оқ жаудырған. Жарақат алған олар дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында аман қалды. Қазір  ауруханада ем  алып жатыр.

Сергей ВИКТОРЕНКО, СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Глушков Юрий Александрұлын бірнеше қылмыстық заңбұзушылығы үшін 23 жылға бас бостандығынан айырылсын. Оған 10 жылға ұстаздық қызметті және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге тиым салынған. Сотталушы қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң түрдегі мекемесінде жазасын өтесін.

А. Құрманкин