Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы, Мәжілістегі фракция бақылауында

AstanaTV
12.10.2021ж. 20:00
1403
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы, Мәжілістегі фракция бақылауында

Парламенттегі "Nur Otan" фракциясы, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауды жалғастырады. Бұл туралы бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжілісте өткен фракция отырысында мәлімдеді. Ол сайлауалды бағдарламаның "Жол картасын" орындаудың аралық қорытындыларына тоқталды. Онда атқарылған және тұралап қалған жұмыстар жайында сөз қозғады. Сондай-ақ алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, шешілуі тиіс проблемалық мәселелерге назар аударуға шақырды. Жол картасының тармақтарын уақтылы қаржыландыру үшін құжаттаманы дер кезінде  дайындау қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын күшейту керектігін айтты.

А. Данияр