Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы үздік мамандарды анықтады

AstanaTV
15.10.2021ж. 20:00
1571
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы үздік мамандарды анықтады

«ҚазТрансГаз» ұлттық операторының  еншілес құрылымы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы үздік мамандарды анықтады. Өз қызметкерлерінің тәжірибесін шыңдап, жұмысшыларды ынталандыру үшін жыл сайын өткізілетін «Үздік маман» байқауында биыл жүзге жуық маман бақ сынады.   Дәстүрлі байқаудың бұл жолғы ерекшелегі қандай? Әріптесім Айзада Төребекқызы  тарқатады.

Кәсіби шеберлерді анықтауға арналған  дәстүрлі байқау биыл  компанияныңТүркістан облысындағы    меншікті оқу-курстық комбинатының жаңа полигонында өтті. Оқу полигоны ресми түрде іске қосылды.

Байқауға  92   маман қатысты.  Айта кетейік, биылғы іріктеу жаңа форматта өткен.  Бірінші кезеңде   барлық қызметкерлер арнайы әзірленген автоматтандырылған мобильді қосымша арқылы 15 конкурстық мамандық бойынша теориялық тест тапсырды.  Жоғары ұпай жинағандардың  арасында атыраулық  Әсел Төреханова да бар.   

Әсел ТӨРЕХАНОВА,  «АТЫРАУ»  МГҚБ  БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ ЖӘНЕ АВТОМАТИКА СЛЕСАРІ:


Технология күннен күнге өзгеруде. Соған байланысты біздің жұмыс жасайтын құрылғыларымыз, аспаптарымыз тоже өзгеріп, заманға сай өзгеріп жатыр. Осындай байқаулар мен үшін, менің кәсіби жұмысыма көп көмегін септігін тигізеді деп ойлаймын.


Қатысушылар  екі күн  практикалық тапсырмаларды орындады. Байқау комиссиясы  өндірістік алаңда орындалған жұмыстың  сапасын,  ұтымды және қауіпсіз тәсілдердің қолданылуын  бағалады. Тапсырманы орындауға кеткен уақыт та ескерілді. Сондай-ақ газ саласы мамандары  алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары  бойынша  сынға түсті.

Бахтияр ІЗБАСАРОВ, «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұның маңыздылығы біздің жұмысшылардың беделдігін көтеру және өздерінің жұмыстарын көрсету. Уровень өте жоғары. Біз ризамыз жұмысшыларымызға.

Байқау барысында  санитарлық-эпидемиологиялық талаптар  қатаң сақталды.    15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.  Тараздық Серік Ешқалов  электр газбен дәнекерлеушілер арасынан бірінші орынды иеленді.    

Серік ЕШҚАЛОВ, «ТАРАЗ» МГҚБ ЭЛЕКТР ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІСІ:

Осы жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Осындай іс-шаралар бола берсін. Мені осы жарыстар ынталандырды.

Газ саласының мамандары қауіпті нысандарда қызмет көрсетеді, сондықтан әр жұмысшының білімі мен біліктілігі өте маңызды. Байқаудың   мақсаты -осы. Конкурс жеңімпаздары  арнайы дипломмен марапатталды, сондай-ақ  жоғары кәсіби шеберліктері үшін жалақыға үстемеақы  қосылады.

А. Төребекқызы