Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қ.Тоқаев ТМД елдерін Ауғанстанға қолдау көрсетуге шақырды

AstanaTV
15.10.2021ж. 20:00
1588
Қ.Тоқаев ТМД елдерін Ауғанстанға қолдау көрсетуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерін Ауғанстанға қолдау көрсетуге шақырды. Саяси көзқарастар мен жеке сенімдерге қарамастан гуманитарлық жәрдем беруді ұсынды. Бұл орайда Қазақстан сөзден іске көшкен.   

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ:

 
Қазақстан қазірдің өзінде азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізуге кірісті. Бұл жұмысты жүйелеу мақсатында Ауғанстанға халықаралық гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі логистикалық хаб құруды ұсынамыз.

Келер жылы Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы деп жариялады.

Б. Сатуов