Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қайта вакцина салдырғысы келмегендерге қандай шектеу бар?

AstanaTV
15.10.2021ж. 20:00
1814
Қайта вакцина салдырғысы келмегендерге қандай шектеу бар?

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар тағы да екпе алуы керек. Елде қайта иммундау науқаны   қарашада басталады. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әрбір препаратқа қойылатын талап әр түрлі. Бұл шешімді халықты иммундау жөніндегі консультациялық комиссия қабылдаған. Барлығы халықаралық тәжірибеге сай жүргізіледі. Ревакцинация  екпенің алғашқы екі компонентін алғаннан кейінгі 6-9 айдан соң жасалады. Тәуекел топқа жататын адамдар, 60 жастан асқандар, антиденелері төмендеп кеткен тұрғындарға бұл міндетті.  

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
 
"Спутник V" вакцинасын алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина егіледі. Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in препараттарын салдырғандарға 6 айдан кейін векторлы екпе салу көзделіп отыр. "мРНК-вакцина" яғни "Pfizer" алған тұлғаларға 6 айдан кейін инактивті немесе векторлы екпе салынады.


Министрліктің мәліметінше, екпені қайта салдырмағандарға шектеу шаралары әзір қарастырылмаған. Жалпы, республика бойынша 7 миллионнан астам адам  толық вакцина алған.  Оның  21 мыңнан астамы иммундаудан кейін вирус жұқтырған.

А. Данияр