Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Атырауда 31 жастағы азаматтың өліміне күдіктілер бостандықта жүр

AstanaTV
20.10.2021ж. 20:00
950
Атырауда 31 жастағы азаматтың өліміне күдіктілер бостандықта жүр

Атырауда 31 жастағы азаматты өлтіргендер бостандықта жүр.  Күдіктілерді полиция төрт күннен бері таппай жатыр.   Айтуларынша,  олар-марқұмның өз  таныстары.  Жігіттер арасындағы қанды қырғынға не себеп? Мәселенің мән-жайын тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы анықтап көрді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қанды қылмыс қала маңындағы Талғайран-2 ауылындағы саяжайда болған. Мынау  үйде 4жігіт ішімдік ішкен. Кейін араларында өзара келіспеушілік болғанға ұқсайды. 30 жастағы жігіттің мүрдесі осы үйден табылды.


Шағын ғана ескі үйде ешкім тұрмайтын сияқты.  Есігі тарс жабық. Айналасынан оғаш еш нәрсе көзге шалынбайды.  «Колос» саяжайындағы отыз шақты үйдің көбінде  тіршілік  байқалмайды.   Біразы  құлыптаулы. Ал көшедегі бірен-саран тұрғын саяжайда   болған қанды қырғыннан  бейхабар.

Полиция оқиғаға қатысты «Адам өлтіру» бабымен іс қозғады. Тиісті сараптама тағайындалған. Күдікті  үшеу. Үшеуі де- марқұмның таныстары.  Олар әлі қолға түспеген. Полиция жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуде.  

Нұрмұхаммед МҮТӘЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бізге  тап осылай жоғалып кетті деп арызданып, сол күні хабар келген, сол күні іздестіру барысында  анықталып отыр.  +Күдіктілер бүгінгі күні ұсталған жоқ. Кім екені анықталған.  

Айта кетейік, марқұмның беті мен екі аяғында  жарақат болған.  Ал оның көлігі қаланың екінші шетінен табылған. Марқұм неден өлді. Таныстар арасында қандай кикілжің болған? Ол тергеу біткен соң белгілі болады.

Б. Надірқызы