Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Мәжіліс депутаты үй кезегін 11 жыл күткен

AstanaTV
20.10.2021ж. 20:00
1365
Мәжіліс депутаты үй кезегін 11 жыл күткен

Балалар үйінде тәрбиеленген азаматтар пәтер кезегін жылдап күтеді.   Бұл мәселе  "Нұр Отан" партиясы Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында талқыланды. Осындай әділетсіздікке  партия өкілдері де кезіккен.   Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских   пәтерін 11 жылдан бері   күтіп жүр. Толығырақ әріптесім тарқатады.

Балалар үйінің мыңдаған тәрбиеленушілері жыл сайын далада қаңғырып қалады. Мемлекеттік мекемеден шыққан соң заң бойынша олар жұмысқа орналастырылып, баспанамен қамтамасыз етілу керек. Бірақ, жергілікті билік бұл мәселемен  бас ауыртпайды. Партиялық бақылау комитетінің мүшелері осыған алаңдаулы. Балалар үйінде тәрбиеленіп шыққандарды баспанамен қамту жоспары    бірде-бір өңірде толық орындалмаған.  Мәселен, мәжілісмен Геннадий Шиповских үй кезегін 10 жылдан астам уақыттан бері күтіп жүргенін айтты.

Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:

Мәселе менде пәтердің жоқтығында емес. Мен осындай  фактінің бар екенін айтамын. Қызылордада балалар үйінде болдым, мен тек сол аймақта ғана пәтер ала аламын. Егер мен жұмыс бабымен Алматыға немесе Нұр-сұлтанға көшсем не болады? Мен өзім басқа жерде өмір сүрсем, маған Қызылордадан берілген пәтердің керегі не?


Интернаттар мүлдем  сын көтермейді. Партия өкілдері бұл әлеуметтік  нысандарда шешілмеген мәселе көп екенін   атап өтті. Сондай-ақ  елімізде 225 мың-нан астам  оқушыға  орын жетіспейді. Ал, мектеп құрылыстарына 142 млрд теңге бөлінген. Бірақ соның жартысы ғана діттелген мақсатқа  жұмсалыпты.  Оқу нысандарына жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасында да мін көп.

Мади АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:


Карбокшы агротехникалық колледжінде және екі бірдей мектептеріне "Ауыл ел бесігі" жобасының аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүрген. Бірақ сапасы өте нашар.

Тағы бір үлкен мәселе  емханаларға қатысты. Мәселен, Қызылордада екі бірдей аурухана апатты жағдайда тұр.  24 ауылда медициналық пункТ   жоқ. Бұған себеп – жемқорлық, дейді партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов.

Артур ПЛАТОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ол жерде дұрыс есептемеген, құжаттары жоқ, онда қалай болса солай салған, шатырдан су кетті, құрылысты аяқтамаған және тағы басқа. Бұл жерде жәй ғана ұрлық болған. Өкінішке қарай, бұндай жағдайлар жиі кездеседі.


Жиын қорытындысы бойынша, Бақылау Комитеті Білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне 1 желтоқсанға дейін өңірлердегі мемлекеттік мекемелерге толық тексеру  жүргізуді, құрылысты қаржыландыру әдістемесін қайта қарауды және  мемлекеттік жекеменшік  әріптестік негізінде    салынып жатқан нысандар үшін мемлекеттік үлгі стандарттар мен жобаларды бекітуді міндеттеді.

Д. Жарқынбек