Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

"Маңғыстау - Алматы" жолаушылар пойызы жаңа вагондармен алғашқы рейске шықты

AstanaTV
22.10.2021ж. 20:00
2584
"Маңғыстау - Алматы" жолаушылар пойызы жаңа вагондармен алғашқы рейске шықты

Жолаушылар тасымалдайтын вагондар жаңартыла бастады. «Маңғыстау - Алматы» жолаушылар пойызы жаңа вагондармен алғашқы рейске шықты. Вагондарда тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш және душ бар. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы соңғы екі жылда 250-ден аса су жаңа вагон сатып алған. Теміржолдағы жаңашылдықтар жайында әріптесім баяндасын.

47 жыл бойы вагондардың жарамдылығын қадағалаған Сәбит Тілепов, бүгін су жаңа вагонға отырып, туған туысқа сапарлап барады. Бұрын соңды вагондарда ешбір жайлылықты көрмеген жолаушы, жаңашылдыққа дән риза. Бұндай жан-жақты жабдықталған вагондар, бізде де болатынын тіпті ойламадым дейді.  

Сәбит ТІЛЕПОВ, ЖОЛАУШЫ:
 
Бұрын өте ескі, нашар вагондарда жүріп едім. Қазір мына жаңа вагондағы жаңашылдыққа қарап қуанып отырмын. Мына вагонға тамсанып отырмын, дәретханасы да таза, тіпті сағат та ілінген. Бізде бұрын бұндай болмаған еді. Маңғыстау пойызы негізі ең ұзын пойыз. Ақтауға қонақтар демалуға жиі келеді. Келіп кетуге өте ыңғайлы енді. Енді жолаушылар тазалықты сақтап, жолсеріктер қадағалап жүрсе, өте керемет болады.

Вагондарды жаңарту мемлекеттік «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының аясында іске асқан. Олар Тверь вагон жасау зауытының технологиясы бойынша «Тұлпар» зауытында құрастырылған. 10 жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 1153 вагон сатып алған, ал Маңғыстау бағыты бойынша жүретін пойыздардың 141 вагоны жаңартылған. Енді қазақстандықтар 3 бағыт бойынша жайлы жол жүре алады. Олар: "Маңғыстау-Нұр-Сұлтан", "Маңғыстау-Алматы" және "Атырау-Маңғыстау" бағыттары.

Питер ШТУРМ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:


Әрбір купе магниттік карта арқылы ашылады. Ол картаны жолаушылар пойызға мінгенде жолсеріктен алады. Жаңа вагондар Халықаралық стандарттар мен шарттарға сай жасақталған. Желтоқсанында пойыздардың жүруіне қатысты жаңа кесте құрамыз. Осылайша Ақтау-Алматы арасы 2,5 сағатқа қысқарады. Бұл біздің қызметіміздің жақсаруы үшін, қалай жұмыс істеп жатқанымыздың көрінісі.


Тағы бір қуантарлық жаңалық-нәзік жандыларға арналған вагондар. Бұл шешім арнайы жүргізілген сұрақ-жауаптың нәтижесінде қабылданған. Қыз-келіншектердің вагондарында,  іші-сырты бойынша негізгіден еш айырмашылығы жоқ.

Салтанат БАҚТЫҒАЛИЕВА, ЖОЛАУШЫЛАР ВАГОНЫНЫҢ ЖОЛСЕРІГІ:

Өте жақсы, күшті, керемет. Кіргенде қуаныш кәдімгідей. Бұрынғы вагонға кірген кезде қашан келеді екен деп жүргенбіз. Енді не дейміз бұған Қазақстан темір жолына рахмет.

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының 2020-2029 жылдардағы стратегиясына сәйкес еліміздегі пойыздардың 500 вагонын жаңарту көзделген. Жоспар бойынша бұл вагондарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындар мен көтергіш құрылғылары қосылмақ.

Д. Жарқынбек