Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылордалықтар сусыз, жолсыз, газсыз отыр

AstanaTV
26.10.2021ж. 20:00
1132
Қызылордалықтар сусыз, жолсыз, газсыз отыр

Қызылорда қаласындағы Эдельвейс саяжайында әлеуметтік проблема шаш етектен.  Ұзақ жылдардан бері  ауыз су, жол, қоғамдық көлік мәселесі шешімін табар емес.  Бұл тұрғындарды әбден қажытқан. Жылда уәде беріледі, бірақ орындалмайды дейді олар. Билік өкілдері не дейді? Мәселе шешіле ме? Әсел Дүкембаеваның бейнематериалы.

Марат Серәлиевтің  бұл  саяжайда тұрып жатқанына 15 жыл болған. Содан бері ауылда су, газ, жол атымен жоқ дейді. Айтуынша, көмірді қаладан қаппен тасиды. Қарапайым отбасына тонналап алу оңай емес.

Марат СЕРӘЛИЕВ, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:

 
Қазір мынау 21 ғасырда жан-жағымыздағы ауылдардың бәрінде газ бар, су бар. Біз өзіміз  жұмыста жүреміз, бала-шағамыз жағады, содан қорқып отырамыз. Суды жан-жақтан қаладан тасимыз. Көмірді ала алмай отырмыз, қаппен сатып алып отырмыз, очередьке де 5-6 күн тұрасың.


Қаланың қақ ортасындағы саяжайда ауыз су да жоқ. Тіршілік нәріне тарыққан жұрт оны тасып ішуге мәжбүр.  Қыста жағдай  тіпті қиындайды  дейді тұрғындар, Айтуларынша, су тасуға шама келмейді, жол батпақ, адам түгілі, көлік  жүру мүмкін емес дейді. Жауын жауған күндері балалар да жүре алмайды.

Бақытгүл ШЕРНИЯЗОВА, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:


2019 дан бері аптасына бір рет водовозбен су келеді. Ол суды ішуге мүлдем жарамайды. Алаңсыз екі күннен кейін сарғайып кетеді. Амал жоқ,ішіп отырмыз. Қаланың қақ ортасында тұрамыз, 1км жерде әкімшілік бар, 500 м жерде Назарбаев саябағы бар, қақ ортада тұрмыз, ешқандай мәселе қаралмаған.

Облыста ішер суы жоқ  саяжай бұл ғана емес дейді мамандар.   Биыл солардың бірнешеуін сумен қамтамасыз ету үшін құжаттар әзірленген.  

Біржан ДАЛАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Эдельвейс, Еңбек, Орбита  саяжайлары бойынша жалғыз бұл жерде Эдельвейс саяжайы емес, ауыз су жүйесін құрылысын жүргізуге, электр құрылысын жүргізуге, малтатас құрылысын жүргізуге жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге тиісті қаржы бөлініп жобалау жұмыстары жүріп жатыр.

Қалалық құрылыс бөлімі басшысының айтуынша,  жобалау жұмыстары 3 бағыт бойынша әзірленуде. Жыл аяғында дайын болады дейді.   

Ә. Дүкембаева