Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Батысқазақстандық полицей мал ұрлағаны үшін қамауға алынды

AstanaTV
27.10.2021ж. 20:00
1656
Батысқазақстандық полицей мал ұрлағаны үшін қамауға алынды

Батысқазақстандық учаскелік полиция инспекторы мал ұрлады деген күдікпен қамауға алынды. Қазір  тәртіп сақшысының қанша  малды ұрлағаны және оның сыбайластарының кім екені анықталып жатыр. Әзірге он шақты адамнан 50   малдың ұрланғаны туралы арыз түскен.  Олардың барлығы  -күдіктінің ауылдастары. Келген шығын 15 миллион теңгеге жуықтайды. Бір қызығы, облыстың бас полицейіне шағым түсіргеннен кейін ұрланған малдың кейбірі иелеріне қайтарылыпты. Дегенмен облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіліп жатқанын алға тартып, басқа деректерді жариялаған жоқ.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

 
Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-1 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде.

Е. Карин