Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ажырасқан әйелін аса қатігездікпен өлтірген қостанайлыққа үкім шықты

AstanaTV
03.11.2021ж. 20:00
1711
Ажырасқан әйелін аса қатігездікпен өлтірген қостанайлыққа үкім шықты

Ажырасып кеткен әйелін аса қатігездікпен өлтірген қостанайлық тұрғынға сот жаза кесті. 11 жылға темір торға қамайтын болды, моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге қтеу міндеттелді.  Қостанай соты қаланың қақ ортасында болған қанды оқиғаға нүкте қойды. 37 жастағы ер адам аялдамада, көпшіліктің көзінше бұрынғы әйелін қасақаны пашақтаған. Артынша өзіне де жарақат салған. Сотталушы отбасылық тұрмыстық зомбылық көрсеткені үшін талай рет жауапқа тартылған көрінеді. Бірақ ол сабақ болмаған сияқты.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Еске салайын қанды оқиға қаладағы Баймағамбетов көшесінің бойындағы дәріхана жанында болды. Маусымның 16 күні сотталушы Азамат Молдырахметов марқұм Даринаны аңдып жүріп, аялдама тұсында тап берген.


Айналасындағы адамдарға қарамастан 14 рет пышақтап аса қатігездікпен өлтірген. Өкініштісі кісі қолынан қаза тапқан келіншек мылқау болғандықтан ешкімді көмекке шақыра алмаған. Ерлі-зайыпты 2016 жылы ресми ажырасқан. Соған қарамастан қала тұрғыны 5 жыл бойы бұрынғы әйелінің қыр соңынан қалмаған. Талай рет полицияға арыздандық , дейді марқұмның туыстары.
 
Әсел ШАМҒАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ:

5 рет арыз жазып полицияға, сотқа, соцзащитаға бардық. Сіңлімнің өмірін құтқарайық деп осындай еркекетерден. Біздің полиция, мемлекет, заң ешқандай нәрсе жасаған жоқ. Сондықтан бүгін біз туған сіңлімізден айрылып отырмыз.

Сот барысында сотталушының бұрынғы әйелін қасақана өлтіргені толық дәлелденді. Сонымен қатар оның үшінші топтағы мүгедектігі мен психикалық ауруы бар екені де ескерілсе керек.

Зәуре ЕДИКОВА,  ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қостанай облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өзінің бұрынғы жұбайын қасақана өлтіргені үшін Қостанай қаласының тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын ең жоғарғы қауіпсіздік қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтелуі тиіс. Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.

Заңғар САНАЙ ,ТІЛШІ:

11 жыл жаза.10 миллион теңге. Бұның бәрі бақилық болған бауырымызды қайтара алмайды ғой деп қайғы жұтады марқұмның туыстары. Ал оның артында қалған жалғыз баласын нағашылары бағып отыр. Енді жәбірленуші тарап істі болған Молдырахметовті әке құқығынан айыру жөнінде талап-арыз түсірмек.

З. Санай