Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістан облысында азаптап өлтірілген кәсіпкердің туыстары Президенттен көмек сұрайды

AstanaTV
05.11.2021ж. 20:00
1860
Түркістан облысында азаптап өлтірілген кәсіпкердің туыстары Президенттен көмек сұрайды

Түркістан облысында азаптап өлтірілген 35 жастағы кәсіпкердің жақындары кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді. Топпен жасалған қылмыс үшін бір ғана адам қамалды дейді. Оның өзі жүйке жүйесінде ауытқуы бар деген қағазды жасатып алған деп отыр. Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындары арамызға арызданды. Марқұмның шарасыз ет жақындары қылмыстық істі ел Президенті өз назарға алуын сұрайды.

Марқұм Фарухжан Абдикадировты бір адам ұрып өлтірді дегенге туыстары еш сенбейді.
 
Төребек АБДИКАРИМОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Адам емес итті де бұлай қорламаса керек. Өлтіргені көрініп тұр. Қазір марқұмды өлтірген бір ғана адам отыр.  Бес адам төрт адам өлтірген болса, бір өзі ақ отыр. Енді бұны алып кеткен такси машинасын орган таппай жатырмыз деп отыр.  

Ұлынан айрылған отбасы бір үйдің төрт адамынан күдіктенеді. Әкесі мен балалары жазады дейді.

Раушанбек АБДИКАРИМОВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

Бір үйдің адамы. Үйіне апарып, осындай тераскесінде өлтірген. Сосын алып түсіп подвалында көмірдің үстіне тастап, үстіне көмір тастап қойған. Өлтіруге не себеп боолды деп ойлайсыз?- Менің ойым –ақша үшін өлтірді бұны. Ақша үшін өлтірді.

Күдікті кісі өлтіргенін полицияға өзі айтыпты. Масаң күйдегі азамат жолшыбай алдынан шыққандарға да онысын жар сала барыпты. Куәгерлер бар.

Раушанбек АБДИКАРИМОВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:
 
Ағам ломмен ұрып өлтірді деп айтқан. Имамрасулов міне полицияға да жазып берген түсініктеме , қағазы менде тұр олар. Бірақ оны қазір тартпай жатыр. Ломмен ұрған адамды отырғызып жатқан жоқ. Тек қана осы псих документі бар Эльдарды отырғызып қойған. Болды. Анау свободада жүр.

Марқұм Фарух Абдикаримов Қарабұлақтағы ет саудасымен айналысыпты. Сол күндері қолында 15 млн теңгедей ақшасы болған деп оты ет жақындары. 3-ші тамыз күні бір сағатта ораламын деп шығып кеткенде де қолында қомақты ақша болды дейді анасы. Қамаудағы күдіктімен бірге кеткен деп отыр.

Әйкерім АБДИКЕРИМОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Олармен еш ұрысып неғылмаған еді. Ақша үшін өлтірді деп ойлайм. Үш баласы қалды міне. Тағы біреуін босанады...жетім боп қалды төрт бала...бағушымыз сол еді...бізде тағы пенсияда жоқ, ештеңе жоқ...+әділдікті сұраймыз. Қамаса дейміз.

Туыстары қамауға алынған күдіктінің өздеріне бұрын күйеу болғанын айтады. Оның жүйке жүйесіне қатысты медициналық анықтамасының жалған екенін бәріміз білеміз деді. Сол қағазымен жазадан сытылып кетеді ме деп уайымдайды.  

Надырахан СМАИЛОВА, ТУЫСЫ:

Мамасы бұған «псих» деген документ ап берді. Шымкентте жатты  дағы 10 мыңға «псих» деген документ ап берді, вальшивый бірақ. Өзі тәні сапалы. Ақыл-хошы жайында.

Қаралы отбасы кінәлілердің бәрі қамалып, әділ жазасын беруді сұрайды. Олар ел Президентінен көмек сұрады. Белгілі болғанындай, аса ауыр қылмысты Түркістан облысының прокуратурасы қарап жатыр. Қылмыстық кодекстің 99 бабының 1 бөлігі яғни «Адам өлтіру» бабымен тергелуде. Бұдан өзге ақпарат әзірге айтылмады. Прокуратураның өкілі жәбірленуші тараптың талап тілегін, өздеріне жазбаша түрде жеткізуді сұрайды.

А. Төребекқызы