Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясының мүшелері экологиялық мәселелерді талқылады

AstanaTV
09.11.2021ж. 20:00
1324
«Nur Otan» партиясының мүшелері экологиялық мәселелерді  талқылады

Су ресурстарын ұтымды басқару, қалдықтарды қайта өңдеу және аймақтық экологиялық проблемалар. Осы және өзге де мәселелер «Nur Otan» партиясының республикалық  экологиялық кеңес  отырысында талқыланды.  Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов суды ысырап қылмау  жоспарын ұсынды. Айтуынша,  ол үшін 200-ден астам арнаны цифрландыру, 400- ден астам арнаны  жаңғырту керек. 4 көл қайта қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үлесі артады.

Ахметжан ПІРІМҚҰЛОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қалдықтарды тұрақты басқару бөлігінде «West-to-Energy» технологиясын пайдалана отырып, энергияны қалпына келтіретін қатты  тамақ қалдықтарын кәдеге жарату үлесін 18-ден 34%-ға дейін ұлғайту көзделген.

А. Дукембаева