Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда кісі қолынан қаза тапқан жігіттің туыстары әділдік іздеп жүр

AstanaTV
11.11.2021ж. 20:00
1892
Алматыда кісі қолынан қаза тапқан жігіттің туыстары әділдік іздеп жүр

«Бетінен тепкілеп, басына секірген»! Алматылық тұрғын  34 жастағы ағасын бір топ жігіт жабылып ұрды деп шағымданды. Бахтияр Жұраевты  белгісіз біреулер өлімші етіп сабап кеткен. Ауыр жарақат алған жігіт көз жұмған. Қайғыдан қан жұтқан   оның туыстары кінәлілердің әділ жазалануын сұрайды.

34 жастағы Бахтияр Жұртбаев түңгі сағат 3-тер шамасында үйіне келе жатқан. Алдынан бес еңгезердей жігіт шығып, себепсіз соққыға жыққан. Күштеп көлікке отырғызып, айдалаға апарыпты.

Изабелла ЖҰРАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:

Ағамды айдалаға апарғаннан кейін полицияға арыз жазбайсың деген. Ал ағам бұзақыларды тыңдамаған. Қарсыласқан оны бірден бетінен тепкілеп, басына секірген. Қанжоса қып сабаған.

Қансыраған жігітті бұзақылар сол жерде тастап кеткен. Қара жамылған отбасы оқиғаны бейнебақылау камерасы арқылы анықтаған.  Марқұмның туысының айтуынша,  соққыға жыққан бесеудің екеуі ғана қамалған.  Оқиғаға көлік жүргізушісінің де қатысы бар дейді.

Изабелла ЖҰРАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:

Негізі бұл іске кінәлі алтыншы адам бар. Ол жаңағы көліктің жүргізушісі. Ер адам ағамды ұрып соқпаған. Бірақ істі жасырған. Бәрі біткен соң жедел-жәрдемге хабарласқан.


Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмағандарын айтқан. Басынан  ауыр жарақаттанған жігіт ауруханада көз жұмған. Бұл іске қатысты Полиция тергеу бастады. Бірақ олар да қалған 3 азаматтың босатылғанын хабарлады.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қылмыстық жүргізу кодексінің 128-ші бабының нормаларына сәйкес сезіктінің екеуі қамауға алынды. Қалған үшеуіне қатысты тергеу барысында бұлтартпау шарасын тағайындау жөніндегі сұрақ шешілу үстінде.


Күдіктілердің кінәлі екені анықталса 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Марқұмның жақындары күдіктілердің барлығы түгел жазалансын деп талап етіп отыр.

Ә. Лесбек