Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркістан облысында кесене шырақшысы емделуге келген әйелді сүйіп алғаны рас па?

AstanaTV
19.11.2021ж. 20:00
4807
Түркістан облысында кесене шырақшысы емделуге келген әйелді сүйіп алғаны рас па?

Емделуге келген әйелді кесене қызметшісінің сүйіп алғаны рас па? Әлеуметтік желіде әулиелі орындардың бірінде белгісіз ер адам түсірген бейнежазба қызу талқыланып жатыр.

Бейнетаспа авторының дерегінше, молдаға дем салдыруға келген келіншекті шырақшы ұшықтап, ернінен сүйіп алған көрінеді. Бұған ашуланған ол күйеуін жіберген болса керек. Бұл жағдай Түркістан облысындағы Арыстан баб кесенесінің басында болған. Мекемеге жауапты Отырар музейінің басшылары бұл екі жыл бұрынғы жағдай екенін жеткізді. Осы жазбадан соң, кесене қызметкері жұмыстан шығарылыпты. Басы дауға қалған шырақшы, жиырма жылдан бері сол кесенеде жұмыс істеген. Алайда, 55 жастағы азаматтың келіншекті сүйген-сүймегені белгісіз деді музей басшылары.  Ал жұмыстан кетуіне басқа жәйт себеп көрінеді.

Серік АҚЫЛБЕК, ОТЫРАР МЕМЛЕКЕТТІК АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:


Адам оқып, адам емдейтін болса ол өз үйінде болмаса өзінің арнайы орнында жұмыстан тыс уақытта , болмаса жұмыстан шығып кетіп барып айналысу керек қой ондай нәрсемен. Ал енді музейдің қарамағында жұмыс істеп жүріп +ондай іс әрекетке бару ол дұрыс емес.  Ол кісі сол қателігін мойындап, жұмыстан өз еркімен шығып кетті.  


Біздің тілшіміз бұрынғы шырақшымен де байланысып көрді. Бұл жағдайды 2019 жылдың қарашасында болғанын айтқан жігіт ағасы мұның бәрі жала деп отыр. Тіпті адам қарағанын да теріске шығарды. Тіпті біреуді сүймек тұрмақ, емдеген емеспін деді. Екі жыл бұрынғы видеоны қайта қопарып тарату, тіпті мұсылмандыққа жат әрекет деп өзін таспаға түсіріп таратқандарға өкпесі қара қазандай.

А. Төребекқызы